Ширату Ойынның шарты

Мақсаты

Ойлау қабілеті

Балалардың шапшаң және тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Логика

Тест сұрақтары арқылы логикалық ойлауын жетілдіру.

Сөйлеу дағдысы

Еркін сөйлеуге дағдыландыру, жауапты анық әрі сенімді жеткізу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Проектор
  • Бейнесюжет
  • Слайд-шоу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу.

Қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызға 5 топ қатысады. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» демекші, сайыскер топтарды ортаға шақырып, таныстырамыз.

Сайыс басталмас бұрын қатысушыларға баға беретін әділқазылар алқасымен танысамыз.

Сайыс ережесі

Сайыс 3 айналымнан тұрады:

  1. Ширату
  2. Ойлан, тап
  3. Бұл кім?

1-айналым: «Ширату»

Ойынның шарты

Теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір затты суреттеп, сипаттап айтады. Сендер сол сипаттамаға қарап, қандай зат екенін табуларың керек.

Бейнесұрақ 1

Көктем

Бейнесұрақ 2

Бәйшешек

Бейнесұрақ 3

Ана

Бейнесұрақ 4

Әже

Бейнесұрақ 5

Алтын

Ұпай саны қорытындыланады, келесі айналымға өтеміз.

2-айналым: «Ойлан, тап»

Ереже

Бұл айналымда өткен оқу іс-әрекеттеріне байланысты тест сұрақтары қойылады.

Бірінші болып жауап беру үшін алдарыңдағы әуенді ойыншықтың тетігін басасыңдар.

  • Дұрыс жауап: 3 ұпай
  • Жауап берілмесе: ұпай берілмейді

1-сұрақ

Төрт буынды сөз неше тәсілмен тасымалданады?

  • A) 2 тәсілмен
  • Ә) 3 тәсілмен
  • Б) 4 тәсілмен

2-сұрақ

Бөртегүл нелердің қатарына жатады?

  • A) Ағаш
  • Ә) Бұта
  • Б) Шөп

3-сұрақ

Тасымалданбайтын, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөзді тап.

  • A) оқ
  • Ә) киік
  • Б) елік

4-сұрақ

Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөпті тап.

  • A) қалампыр
  • Ә) раушангүл
  • Б) өгейшөп

5-сұрақ

Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

Екінші айналымның ұпайлары қорытындыланады.

3-айналым: «Бұл кім?»

Ойынның шарты

Бұл бөлімді өткізу үшін маған көмекші керек. Конверттің ішінде жасырылған адамның немесе топтың кім екенін табуларың қажет. Мен және көмекшім сұрақ қою арқылы сендерге бағыт береміз.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Бұл кімдер?
  • Олар неше адамнан құралған?
  • Оларды «топ» деуге бола ма?
  • Бұл топты аспапты-эстрадалық топ деуге бола ма?
  • Қандай аспаптарды қолданады?
  • Қандай әндерін білесің?

Жауабы

«МузАРТ» тобы

Осы топтың «Ана» әнін қарсы алайық.

Үшінші айналым аяқталды. Енді жалпы ұпай саны жарияланады.

Қорытынды

Жарайсыңдар, балақайлар! Үш айналымның әрқайсысында да өздеріңді жақсы қырларыңнан көрсеттіңдер.

Осылайша «Бала тілі – бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң, жеңімпаз анықталады.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Мадақтау және марапаттау

Қатысушыларды мадақтап, марапаттау рәсімі өткізіледі.