Бір үйрек тығылды, Қалғаны неше үйрек
Сабақтың тақырыбы
7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімін кеңейту. Ауызша және жазбаша саналы түрде есептеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту; қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойлауды жетілдіру.
Тәрбиелік
Сандарды дұрыс айтуға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі
Жаңа білім беру
Әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Құралдар
Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Назар аударту
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
Ә) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап-күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай санмен таныстық? (Слайд арқылы 6 санына қатысты қосу және азайту амалдары қайталанады.)
Қарапайым есептер
- 5 + 1 =
- 6 − 4 =
- 4 + 2 =
- 5 − 1 =
- 12 − 6 =
- 7 + 6 =
Сандарды салыстыру
- 47 □ 45
- 34 □ 84
- 47 □ 87
- 55 □ 65
- 10 □ 100
- 13 □ 30
Математикалық диктант
- 5 ондық және 1 бірліктен тұратын санды жаз.
- 16 санын 6-ға кеміт.
- Азайғыш 70, азайтқыш 20. Айырманың мәнін тап.
- 8 санын 2-ге арттыр.
- Бірінші қосылғыш 30, екінші қосылғыш 5. Қосындының мәнін тап.
- 80 мен 20 сандарының айырмасын тап.
- 8-ден артық, 10-нан кіші санды жаз.
- 100 санынан 30-ды кеміт.
II. Жаңа сабақ
Дәптерге бүгінгі күнді жазып, сабақтың мақсатымен танысамыз. Оқулықпен жұмыс жасаймыз.
1-есеп (қосу және азайту байланысы)
A) Мысалдар
- 7 + 7 = 14
- 8 + 7 = 15
- 9 + 7 = 16
- 14 − 7 = 7
Талдау
7 мен қандай санның қосындысы 10-ға тең? 7 + 3 = 10
Құрастыру
(7 + 3) + 4 = 14
Талдау
14 пен қандай санның айырмасы 10-ға тең? 14 − 4 = 10
Құрастыру
(14 − 4) − 3 = 7
Ә) Ыңғайлы тәсілмен есептеу
8 + 7 = (8 + 2) + 5 = 15
15 − 7 = (15 − 5) − 2 = 8
9 + 7 = (9 + 1) + 6 = 16
16 − 7 = (16 − 6) − 1 = 9
Мәтінді есептер
№4-есеп
- 1-жәшік
- 30 кг
- 2-жәшік
- 5 кг артық
- Шешуі
- 30 + (30 + 5) = 65
- Жауабы
- Екі жәшікте 65 кг сары май бар.
5-есеп
- Робот
- 9
- Қуыршақ
- 5-еуі кем
- Шешуі
- 9 + (9 − 5) = 13
- Жауабы
- Барлығы 13 ойыншық сатылды.
Негізгі ой
7-ні қосу мен азайтуда ондыққа толықтыру тәсілі және амалдардың өзара байланысы қолданылады.
III. Сергіту сәті
Жұмбақ есептер
Буыршын мен атан бар, тайлағым мен ботам бар. Үш інгенге иемін. Санын айтшы түйенің?
Жауабы: Жеті.
Аулада бес үйрек, қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: Алты.
Бесбайда бар бес іні, Естайда бар екі іні. Қоссаң бес пен екіні, неше екенін шешші?
Жауабы: Жеті.
«Жеті» туралы ұғымдар
Оқушылардан «жеті» санына байланысты қандай ұғымдар білетінін сұрау. (Оқушылар өз ойларын айтады.)
- Жеті ата
- Жеті нан
- Жеті қазына
- Жеті қарақшы
- Жеті күн
- Жеті — киелі сан
- Жеті — тақ сан
IV. Логикалық тапсырма
Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
«Жылдам, бірақ шатаспай!» ойыны
Жауапты табуда жұптар бойынша санау және логикалық қорытынды жасау дағдылары қолданылады.
V. Сабақты бекіту
- Бүгін біз нені үйрендік?
- Сабақ ұнады ма?
- Көңіл күйді білдіру, кері байланыс.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы ауызша жауаптары, есеп шығару дәлдігі және белсенділігі бойынша бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
- 75-беттегі №6 есеп.
- 4, 5, 6, 7 сандарының құрамын жаттау.