Әже өлеңін жатқа айт
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Төлегенова Гүлайым Еділқызы
Сабақ тақырыбы
- Ыбырай Алтынсарин — «Бұл кім?»
- Мағжан Жұмабаев — «Бесік жыры»
Сабақтың мақсаты
-
1) Білімдік
Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы мәлімет беру; мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру; түсінгенін қысқа әрі нақты жеткізіп, әңгімелей білуге үйрету.
-
2) Дамытушылық
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; шығармашылық қиялын жүйелеу; байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
-
3) Тәрбиелік
Адамгершілікке, мейірімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Сабақ әдістері
- Түсіндіру, көрнекілік
- Топтастыру
- Сын тұрғысынан ойлау элементтері
- Әңгіме, сұрақ-жауап
Сабақ форматы
- Түрі: дәстүрлі
- Типі: жаңа сабақ
Көрнекілігі
- Ы. Алтынсариннің суреттері
- Тірек сызбалар
- Слайд материалдары, бейнебаян
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
— Көңіл-күйлерің қалай?
— Керемет (қол көтереді)
— Сабаққа дайындығымыз қалай?
— Тамаша (шапалақтайды)
— Ынтаң қалай?
— Ғажап (алақандарын тигізеді)
— Ендеше бастайық!
— О-о-о (басбармақ көрсетеді)
Үй тапсырмасын тексеру
Оқу
- «Әже өлеңі»
- «Менің әжем» тақырыбында жазылған әңгімелерді оқу
«Поэзия минуты»
- Әр топтан екі оқушы өлеңді жатқа айтады
- «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы өткен сабақты қайталау
Қайталау сұрақтары
- Өлең кім туралы?
- «Әже» деп біз кімді айтамыз?
- Әжелер қандай болады?
- «Әже өлеңінің» авторы кім?
Жаңа сабаққа кіріспе: жұмбақ өлең
Мұғалім жұмбақ өлең оқиды. Оқушылар өлеңнің кім туралы екенін табады.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл өлеңнің авторы — Ыбырай Алтынсарин. Ендеше, Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?
Ой қозғау
- «Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған» деген жолды қалай түсінесіңдер?
- Бесікке кімді жатқызамыз?
- Сәбиді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?
Осы сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыпқа өтеміз: Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры».
Мағжан Жұмабаев туралы қысқаша мәлімет
Негізгі деректер
- Қызметі
- Алаш қозғалысының қайраткері, ақын
- Туған күні
- 25 маусым 1893
- Туған жері
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Ұлты
- Қазақ
- Қайтыс болған күні
- 19 наурыз 1938 (44 жас)
- Қайтыс болған жері
- Алматы
«Бесік жыры» деген не?
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрлерінің бірі. Бұл — ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуендердің қатарына жататын, ананың мейірімі мен тілегін жеткізетін өлең-әуен. Бесік жырын айтпайтын халық жоқ деуге болады: ол ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы ретінде бағаланады.
Дәстүрлі бесік жырлары ел ішінде ертеден қалыптасқан. Көбіне мазмұн желісі мен әуені сақталып, ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жетіп отырады.
Көп бесік жырлары мынадай таныс жолдармен басталады: «Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!»
Бейнематериал және мәтінмен жұмыс
Ауылдағы Қалима әжей мен Талшын әжейдің бесік жыры айтылған бейнебаяны көрсетіледі.
Балам менің қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
Тойда болса, тойласын,
Орамалын майласын.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында,
Әнін айтып жүр екен,
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден,
Озып келер тай ма екен?
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен.
Балпаң-балпаң басатын
Балапандар қайда екен?
Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем?
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Тыңдау және талқылау
Терме диктант
Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу. Әр оқушы слайд арқылы өзін-өзі тексереді.
Топтық жұмыс
Постер дайындау және қорғау.
Постер қорғау тапсырмалары
1-топ: Өлең ұйқастыру
________________________________ сыйлаймын,
________________________________ тыңдаймын.
________________________________ аламын,
________________________________ баламын.
2-топ: Бесік туралы ырым-тиым сөздер
Бесікке қатысты ұлттық тәрбие мен дәстүрдегі ырым-тиымдарды жинақтап, постерге түсіру.
3-топ: Өлең құрастыру
«Бесік», «ана мейірімі», «тілек» тақырыптары бойынша қысқа өлең құрастыру.
Ойын: «Иә / Жоқ»
Ереже: «Иә» болса — шапалақтау, «жоқ» болса — үндемеу.
- «Бесік жыры» өлеңінің авторы — Мағжан Жұмабаев.
- Бесік жыры қуыршақтарға арналады.
- Сәбиді бесікке жатқызады.
- Мағжан Жұмабаев — әнші.
- Ана баласына жылы сөздер айтады.
III. Сабақты қорытындылау
«Сұрақтар қобдишасы»
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алып, жауап береді. Қажет болса, оқушылар өздері де сұрақ құрастырып, қобдишаға салады.
- Бесік жыры туралы не айта аласың?
- Мағжан Жұмабаев кім?
- «Әже өлеңін» жатқа айт.
- «Қайқаус» деген не?
- Ыбырай Алтынсарин кім?
Бағалау
Сабақ барысындағы белсенділік, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс және тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
- «Бесік жыры» өлеңін жаттау
- «Пікірлер ағашын» толтыру