Баршыңызда Хан Ордасы ауылына қош келдіңіздер

Батыс Қазақстан облысы • Бөкей Ордасы ауданы • Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Аксенова Альфия Ринатқызы

Дүниетану • 2-сынып Ашық сабақ Ассамблеяның 20 жылдығына арналған

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы

Бұл сабақта оқушылар жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен танысып, олардың тіршілік ету ортасы мен өмір сүруіне қажетті жағдайларды түсінеді. Сонымен қатар, жануарларды топтастырып, өз ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады.

Сабақтың мақсат-міндеттері

А) Ақпараттық құзыреттілік

  • Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Жануарлардың тіршілігі үшін қажетті жағдайларды таныту.
  • Оқушыларды жануарлардың әртүрлі түрлерімен таныстырып, олардың қай топқа жататынын анықтай білуге үйрету.

Ә) Коммуникативтік құзыреттілік

  • Оқушыларды сенімді жұмыс істеуге, оқу үдерісіне белсенді қатысуға баулу.
  • Бір-бірінің пікірін тыңдап, құрметтеуге және өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.
  • Өзіндік жұмысқа, еркін сөйлеуге, көпшілік алдында ойын жүйелі жеткізуге ынталандыру.

Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарауға, табиғат пен жануарлар әлеміне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Жаңа сабақ.

Әдістері

Түсіндіру, көрнекілік, баяндау.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, ана тілі.

Оқыту құралдары

  • Магнитті тақта және суреттер
  • АКТ (қысқа метражды 3 бейне)

Педагогикалық технологиялар

  • Білім беруді ізгілендіру
  • «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы
  • С. Н. Лысенкованың «Түсіндіре басқару» технологиясы (оқушылардың өздігінен білім алуы)
  • «Қазір және осы жерде», «Еркін таңдау», «Тұлғалық әсер ету алаңы» қағидаттары
  • Ш. Амонашвилидің қарым-қатынас педагогикасы
  • В. Шаталовтың тірек-сызба технологиясы

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
  • Оқушылардың қызығушылығын оятып, назарын сабаққа аудару.

Сыныптағы қысқа нұсқау (ағылшын тілінде):

  • Good morning, children!
  • Sit down!

Салтанатты кіріспе

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өтетін жас ғалымдар кездесуін ашық деп жариялаймын.

Әнұран ойнатылады.

Рахмет! Баршаңызға Хан Ордасы ауылына қош келдіңіздер!

Бүгін Жер шарының әртүрлі елдерінен жас ғалымдар жиналып отыр. Біз алғашқы зерттеу жұмыстарымызды қорғау үшін бас қостық.

Рефлексия: туған жер мен табиғат құндылығы

Ойға жетелейтін кіріспе

Аз уақыт ауылымыздың әсем табиғатына назар аударайық. Атамекен. Туған жер. Отан. Бұл — ең жоғары құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.

Адам ес жия бастаған сәттен-ақ туған жерінің қадір-қасиетін түсіну арқылы өзін таниды. Өз атамекенін сүйген адам өз халқының, Отанының, сондай-ақ барша адамзатқа ортақ Жер-ананың мәнін терең сезінеді.

Нақыл сөздер

«Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.»

«Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.»

Негізгі түйін

Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта қажетсіз нәрсе болмайды: бәрі бір-бірімен байланысты, бір-біріне керек. Сондықтан біз табиғатты, оның ішінде жануарлар әлемін қорғап, аялай білуіміз қажет.