Алдыңғы тақырып

Сабақ тақырыбы

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі

Оқу мақсаты

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5.Т/Ж2)

Бағалау критерийі

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Тақырыптың маңызын дәлелдеп, негіздеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар

  • Білімін сыныптастарына түсіндіре алады.
  • Оқулықтан тыс ресурстарды орынды қолданады.

Ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық, суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және түрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс, стикер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу, түсіндіру
  • Ойын, көрнекілік
  • Рефлексия

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

«Менің атым Қожа» хикаятының мазмұнын баяндау.

Сабақ барысы

Басталуы

Жалпы: 5 минут

Топқа бөлу

2 минут

Қолдарыңызға берілген қағаздар бойынша топтарға бөлініңіздер.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

3 минут

Арман қуған баламыз,
Ақылды бала боламыз.
Білімменен нәр алып,
Түбінде адам боламыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,
Адамгершіліктен тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге жақын достарменен,
Сабағымыз басталсын сәлемменен.

Амандасу тренингі

Үш тілде амандасу.

Сұрақ:

Адамгершілікке қандай қасиеттер жатады?

  • Достық
  • Білімділік
  • Жомарттық
  • Қонақжайлылық
  • Мейірімділік

Ортасы

Жалпы: 20 минут

Білу және түсіну

10 минут

Сұрақ-жауап арқылы шығарманың мазмұны мен кейіпкерлер әлемін талқылаңыздар.

  1. Бердібек Соқпақбаев туралы не білесіңдер?
  2. «Менің атым Қожа» фильмінің режиссері кім?
  3. Шығарманың басты кейіпкері кім?
  4. Прототип дегеніміз не?
  5. Лагерьге жолдама берілмегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
  6. Оқулық алу үшін мұғалімді алдау дұрыс па? Неліктен?
  7. “Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.” Бұл үзінді бойынша Қожа қандай бала?
  8. «Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді? Оны қалай бағалайсың?
  9. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
  10. “Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.” Осы сөздер арқылы Жантастың қандай сипаты көрінеді?
  11. “Мама! Сен жылап жатырмысың? Маматай, қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!” – деп, Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жіберді. Қожа қандай бала екенін бұл көрініс қалай ашады?
  12. Қожаның «құпия кеңес» құрып, түзу жолға түсемін деп өзіне серт беруі нені көрсетеді?

Қолдану

8 минут

Топтарға тапсырма

  • Берілген мәтін бөліктерінің не туралы екенін айту.
  • Жоспар құру.
  • Кейіпкерлерге мінездеме беру.

I топ

Жантасқа мінездеме береді.

II топ

Сұлтанға мінездеме береді.

III топ

Майқановаға мінездеме береді.

IV топ

Қожаға мінездеме береді.

V топ

Қожаның анасына мінездеме береді.