Интерактивті тақтада - Темір қақпа

Сөздік қорды байыту: төрт түліктің пайдасы

«Алтын қақпа» ойыны негізінде (6-сынып)

Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған. Халық малды қастерлеп, бағып-күткен. Өйткені мал — жесе азық, кисе киім, мінсе көлік. Сондықтан төрт түліктің адамға берер пайдасы орасан.

Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді

Сабақ «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбына арналады және бірнеше кезеңнен тұрады: Темір қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Әр қақпаны ашу үшін оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Алтын қақпа ашылған соң Алтын сандық шығады. Сандықты ашудың шарты — мақал-мәтел айту. Сандық ашылса, ішінде Білім қазынасы бар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың төрт түлік туралы білімін жүйелеу, толықтыру және оның адамға тигізетін пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық

Танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденісін, сабаққа қызығушылығын және білімге белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Төрт түлікті күтіп-бағуға, қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақтың түрі
Ойын сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, сергіту сәті
Пәнаралық байланыс
Әдебиет

Көрнекілік

  • Интерактивті тақта
  • Төрт түліктің суреттері
  • Оқулық

Сабақтың құрылымы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі: мұғалімнің кіріспе сөзі.
  2. II Негізгі кезең: үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
  3. III Қорытынды кезең: нәтижені жинақтау, бағалау, рефлексия.

Бағалау жүйесі

Қызыл фишка

Баға: 5

Көк фишка

Баға: 4

Сары фишка

Баға: 3

I сайыс: Темір қақпа

Тапсырмалар

Интерактивті тақта арқылы бірнеше тапсырма орындалады. Бұл кезең «Кім білгіш?» бәсекесі ретінде өтеді.

Төрт түлік пірлері

Мал баққан халық әр жануардың өз пірі бар деп сенген. Мал күтуді қасиетті іс деп танып, пірлерді құрметтеген.

  • Түйе — Ойсылқара
  • Сиыр — Зеңгі баба
  • Жылқы — Қамбар ата
  • Қой — Шопан ата
  • Ешкі — Шекшек ата

Дыбыстау ерекшеліктері

Адам өз көңіл күйін дыбыс пен қимыл арқылы білдірсе, мал да өзінше дыбыстайды. Ендеше, есімізге түсірейік:

  • Қой маңырайды
  • Жылқы кісінейді
  • Сиыр мөңірейді
  • Түйе боздайды

Төрт түлікті шақыру

Биені шақыру
«Құрау-құрау»
Түйені шақыру
«Көс-көс»
Сиырды шақыру
«Аухау-аухай»
Ешкіні шақыру
«Шөре-шөре»

II сайыс: Күміс қақпа

Бұл кезеңде әр оқушы өз білімін жеке көрсетеді. «Кім білімпаз?» бәсекесі мына тапсырмалар арқылы жүзеге асады:

1) Интерактивті тақтамен жұмыс

Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

2) Сөзжұмбақ шешу

Төрт түлікке қатысты ұғымдарды тауып, сөздік қорды кеңейту.

Алтын қақпаға қадам

Келесі кезеңдерде тапсырмалар күрделене түседі. Алтын сандықты ашудың негізгі шарты — мақал-мәтелдерді орынды айту. Мақсат — Білім қазынасына жету.