Жүректен жүрекке Топқа бөлу

Сабақ тақырыбы

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы (презентациямен).

Жалпы мақсаттар

  • С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді кеңейту.
  • «Қамар сұлу» романын талдау арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу.
  • Сын тұрғысынан ойлау, сөйлеу мәдениеті мен дәлелдеп айту дағдысын дамыту.
  • Оқушының өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау.
  • Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  • С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты біледі.
  • Прозаны құрылысына қарай талдауға машықтанады.
  • Өздігінен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
  • Топтық жұмыста сыни ойлау қабілеті артады.

Негізгі идея

Ел үшін еңбек етсең — халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.
— С. Торайғыров

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  • Сәлемдесу, түгендеу.
  • Сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау («Жүректен жүрекке»).
  • Топқа бөлу: ән атаулары арқылы.

1-топ

«Асыл әжем»

2-топ

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»

3-топ

«Атамекен»

4-топ

«Ұстазым»

Сабақ ережелері

  • Белсенді қатысу.
  • Тыныштық сақтау.
  • Бір-бірін тыңдау.
  • Ойын ашық айту.
  • Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Бағалау парағы таратылады, критерийлермен таныстырылады.

Миға шабуыл және сергіту

Миға шабуыл (білімді еске түсіру)

«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылады (оқушылар бір-біріне қояды). Тақырып: Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс)

  1. Тегіс жолмен жүреміз.
  2. Сазды, балшықты жолмен жүреміз.
  3. Өзенде жүзіп келеміз, жағаға шығамыз.
  4. Дүрбіні алып қараймыз: экранда Қазақстан картасы көрсетіледі.

Не көрдік? Қазақ елін, Баянауыл аймағын, С. Торайғыровты.

Кіріспе ой

С. Торайғыров — ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған көрнекті демократ-ағартушылардың бірі. Бүгінгі сабақта ақынның жоғарыдағы өлең жолдарын тірек ете отырып, оның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Қамар сұлу» романы бойынша ізденіс пен зерттеу жұмысын жүргіземіз.

Қай дәуірде, қай қоғамда өмір сүрсек те, әйел — өмір тірегі, қоғамның қозғаушы күші, ұрпақ тәрбиелеуші. Феодалдық қоғамда қалың мал құрбаны болған көптеген қыз-келіншектің көз жасы қазақ прозасының өзекті тақырыптарының бірі болды. Сондықтан бүгін біз әйел тағдыры, оның ішкі жан жарасы мен арман-тілегі туралы ой толғаймыз.

Түсіну: топтық тапсырмалар (постер)

Оқушылар үйден танысып келген материалдары бойынша карточкадағы тапсырмаларды орындайды, постер құрады және қорғайды.

I топ

Өмірін өнер-білімге арнаған жас өрен

II топ

С. Торайғыровтың өлеңдері

III топ

С. Торайғыровтың поэмалары

IV топ

С. Торайғыровтың романдары

Сергіту сәтінде слайд арқылы С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады.

Қолдану: өлең құрылысына талдау

Әр топ берілген өлеңнің құрылымын талдап, постер арқылы қорғайды.

I топ

«Секілді өмір қысқа жарты тұтам»

II топ

«Шәкірт ойы»

III топ

«Неге жасаймын?»

IV топ

«Бір адамға»

Сергіту сәті

Таңертеңгілік гимнастика.

Талдау: «Қамар сұлу» романы бойынша

I топ

Романның тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері

II топ

Композициялық құрылымына талдау

III топ

Романда кездесетін мақал-мәтелдер

IV топ

Салт-дәстүр көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстыру

Сергіту сәті (2 минут)

Әріптер бойынша ән айту.

Синтез: шығармашылық тапсырмалар

Топтық жұмысты мұғалім бақылап, қажет жерінде бағыт береді. Оқушылар диалогке түсіп, жұппен және топпен орындайды.

I топ

«Егер мен автор болсам, шығарманы былай аяқтар едім…»

II топ

5 жол өлең құрастыру (тақырып: Қамар — Ахмет — Нұрым)

III топ

Эссе: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

IV топ

Шығармадан алған әсерді сурет арқылы жеткізу

Бағалау және рефлексия

Бағалау

  • Тест құрастыру: топтар бір-біріне құрастырған тесттерін ұсынады.
  • Топ мүшелері бір-бірін критерий бойынша бағалайды.
  • Жиынтық бағалау жүргізіледі.

Рефлексия

Не білдім?

Кестеге қысқа, нақты тұжырым жазу.

Нені білгім келеді?

Келесі сабаққа сұрақ, қызығушылық, ұсыныс жазу.

Келесі оқуға тапсырма

  1. С. Торайғыров туралы қосымша деректер бойынша іздену.
  2. «Қамар сұлу» романын оқып, талдауға дайындалып келу.