Жаңа жылға жаңа жыр
Құттықтау және бастау
Жүргізуші
Құрметті ата-аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін! Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз дені сау болып, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз.
Ән
«Шырша жыры»
Жүргізуші
Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Тақпақтар легі
Ернұр
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын!
Әбілмансұр
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!
Бегарыс
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Димаш
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Ажар
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Жүргізуші
Нұрландырып маңайды, шырша шамы жағылсын! Жаңа жылдың құрметіне ақ тілектер ағылсын!
Күтулі қонақтар
Саян
Аяз ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме?
Мелина
Әрине, ата келеді. Бізге көп сыйлық әкеледі.
Сахналық белгі
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Жүргізуші (тыңдап)
Балалар, Аяз атамыз келе жатқан сияқты. Қардың сықырын естідіңдер ме?
Балалар
Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші
Ендеше, қарап тұрмайық. Бәріміз бірге дауыстап, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар
Аяз ата! Ақшақар!
Сахналық белгі
Әуен ойналады. Залға Аяз ата, Ақшақар және Тауық жылы кіреді. Балалар қошеметпен қарсы алады.
Аяз ата, Ақшақар және Тауық жылы
Аяз ата
Амансың ба, ұлдарым! Амансың ба, қыздарым! Қандай әсем жүздерің, қандай мөлдір көздерің! Керемет ән тыңдап, келіп тұр — демалғым.
Жүргізуші
Қош келдіңіздер! Аяз ата мен Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер, дем алып отырыңыздар. Ал біздің бүлдіршіндер сіздерге өнерлерін көрсетсін.
Жүргізуші
Балалар, бізге келе жатқан қай жыл?
Балалар
Тауық жылы!
Тауық жылы
Армысыздар, балалар! Бармысыздар, халайық! Жаңа жылды жұп жазбай, келіңдер қарсы алайық! Жақсылыққа бағыт алған — Тауықпын мен, жаңа жыл!
Шырша шамын жағу сәті
Аяз ата
Балалар, неге шыршаның шамдары жанбай тұр? Сиқырлы таяғыммен шамдарын жағайын.
Қуант бізді, таңырқат — шамдарыңды жарқырат!
Балалар да қосылады.
Сахналық белгі
Балалар «бір, екі, үш!» дегенде шыршаның шамдары жанады.
Ән
«Аяз ата сыйлығы»
Өлеңдер, ән мен би
Нариман
Аяз ата ойды-қырды,
Аралап жүр түгел шолып.
Қарап алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан —
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Исатай
Жаңа жыл, Жаңа жыл —
Жаңа жылға жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!
Сүндет
Настоящий Дед Мороз
Дарит нам игрушки.
Он на санках их привез
Из своей избушки.
Иманғали
Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит.
Новый год шагает —
В гости к нам спешит.
Әли
Жаңа жыл, Жаңа жыл —
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!
Би
«Қуыршақтар»
Аяз ата
Бәрекелді! Жарайсыңдар! Билерің керемет екен.
Ойын
«Кім шапшаң?»
Қорытынды тақпақтар
Жүргізуші
Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Бейбарыс
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Аяз ата
Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол!
Марлен
Долгожданный Новый год
Мы встречаем вместе.
Будет дружный хоровод —
И стишки, и песни.
Мелина
Колокольчики звенят,
Елочка сияет.
С Новым годом Дед Мороз
Деток поздравляет.
Ж. Ақниет
Дед Мороз пришел к ребятам,
И Снегурочка с ним рядом.
Мы их очень сильно ждем
Этим новогодним днем.
Іңкәр
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Дилназ
Елка наряжается,
Праздник приближается.
Новый год у ворот —
Ребятишек елка ждет.
Би
«Санта-Клаустар биі»
Ескерту
«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігінің материалдары осы бөлімде аяқталады.