Үйге тапсырма Шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім
Әбіласанова Гүлнар, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №31 орта мектеп
Сынып және тақырып
5-сынып
Адамның дене мүшелері
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Оқулық
- Үлестірмелі парақшалар
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер
Білімдік
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрату.
Дамытушылық
Шылау туралы білімді толықтыру, ойды жинақтап айту дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Сауатты жазуға, Отанды құрметтеуге және қорғауға баулу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және өткенді қайталау
Сабақ басында үй тапсырмасы тексеріліп, өткен тақырыптарға қысқаша шолу жасалады. Оқушыларға екі бағытта сұрақ қойылады: грамматикалық және лексикалық.
- Өткен грамматикалық тақырып
- Шылау
- Өткен лексикалық тақырып
- Уақыт өлшемдері
2) Ой қозғау: жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін төмендегі жұмбақ ұсынылады. Жауап арқылы әрі уақыт ұғымы, әрі адамның дене мүшелері туралы түсінік байланыстырылып, жаңа сабаққа көпір жасалады.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
Бұл не?
Талқылау барысында «таңертең», «түсте», «кешке» сөздері уақытты білдіретіні, ал «аяқ» сөзінің дене мүшесі екені нақтылап айтылады. Осылайша бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: «Адамның дене мүшелері».
3) Дене мүшелері және олардың қызметі
Оқушылар дене мүшелерін атап, әр мүшенің қызметін түсіндіреді. Мұғалім жауаптарды толықтырып, интерактивті тақта арқылы төмендегі сұрақ-жауап үлгілерін ұсынады.
-
1
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
-
2
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
-
3
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-
4
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
-
5
Аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Осы мәтін арқылы оқушылар шылауды да байқайды: «үшін». Бұл — септеулік шылау. Оқушылар үлгіні дәптерге көшіріп жазады.
4) Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, адамның дене мүшелерін атап көрсету.
2-тапсырма (жазбаша)
«Емес» шылауын қолданып, сұрақтарға жазбаша жауап беру.
5) Үлестірмелі парақшалармен жұмыс
Оқушылар берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрайды: үшін, туралы, арқылы, сияқты, кейін.
Мысал сөйлем
Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай қажет.
Қосымша сұрақ
Адам туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
6) Тілдік талдау: сөз тіркестерінің жасалу жолы
Оқушылар берілген тіркестердің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтайды. Төмендегі үлгілер талдауға ұсынылады.
| Үлгі | Талдау |
|---|---|
| Қара емес | сын есім + шылау |
| Қара шаш | сын есім + зат есім |
| Барған емес | етістік + шылау |
| Үйге қарай | үстеу + шылау |
| Бесеу емес | сан есім + шылау |
7) Бекіту сұрақтары
- Адамның дене мүшелерін атап шығыңдар.
- Шылау дегеніміз не?
- Шылаудың неше түрі бар?
8) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
Бағалау
Оқушылардың жауап беруі, тапсырмаларды орындауы және жазба жұмысының сауаттылығы бойынша бағаланады.