Тұманбай Молдағалиев өлеңіБәйшешек Жер жылыды, сен де жылы дегендей, Күннің ыстық шұғыласына бөленбей, Қар астынан қылтияды бәйшешек, Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Бәйшешек
Жер жылыды, сен де жылы дегендей,
Күннің ыстық шұғыласына бөленбей,
Қар астынан қылтияды бәйшешек,
Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей.

Өрге қарай өрмелейді шатқалдан,
Өз бойына әсем әуен, тәтті арман.
Сұлу күннің бір тамшысын иемдеп,
Көйлек киіп күлімдейді ақ қардан.

Көз тоқтатып қарар болса бір ксі,
Оның да бар жарасымды күлкісі,
Кеудесінен көктем иісі шығады,
Қардай аппақ болғанымен түр - түсі.

Арман іздеп алабұртқан ашық тән
Ақындарға көрінеді қашықтан.
Ақ көйлекті қызар еске түседі,
Қыстан озып көктеміне асыққан.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері



Ұқсас жұмыстар

Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Төлеген Айбергенов туындыларындағы лиризм
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
Ғали Орманов
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім