Мәтінді оқушыларға оқыту. Сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы

«Құстардың ұя салуы» — 33-сабақ, Әдебиеттік оқу.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімді одан әрі жетілдіру.

Тәрбиелік

Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ойды толық жеткізуге, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

Пәнаралық байланыс, әдісі және түрі

Пәнаралық байланыс
Дүниетану, салауаттану.
Әдісі
Сұрақ-жауап.
Түрі
Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты қайталау

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
  • Көктемгі табиғатта болатын құбылыстар туралы әңгімелеу.
  • Көктемгі еңбек туралы әңгімелеу.

III. Жаңа сабақ

1) Көктем мезгілінде құстар тіршілігінде болатын өзгерістер туралы айту.

2) «Құстар» сөзіне топтастыру құру.

пайдалы әдемі дос қорғаушы сан алуан

3) «Кім құсты көп біледі?» сайысын ұйымдастыру.

4) Мәтінмен жұмыс:

  • Мәтінді оқушыларға оқыту.
  • Жалғастыра отырып мазмұнын айтқызу.
  • Ертегіні бөлімдерге бөліп оқыту.
  • Жұппен жұмыс: диалог құрастырып, сахналау.

Сергіту сәті (есте сақтауды дамыту)

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

5) Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ертеде күллі құстар қалай тіршілік еткен?
  • Құс патшасы құстарға қандай өсиет айтты?

6) Сөздік жұмыс.

IV. Сабақты бекіту

  • Қарлығаш ұясының кемелді болып шығу себебін түсіндіріңдер.
  • Құстардың айтқандарын тыңдаудан қандай қорытынды шығарасыңдар?

Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу

Алақанымызды жылытайық: алақанымыз жылыну үшін алақанымызға ұзақ үрлейміз.

V. Үйге тапсырма

  1. Ертегіні түсініп оқу.
  2. Ертегі мазмұнын сахналауға дайындалып келу.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі және жұптық жұмысқа қатысуы негізінде бағалау жүргізіледі.