Ақылдың алты қалпағы постер жасау

Ортақ мақсат

Топ мүшелерін сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын еркін айтуына жағдай жасау және жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже

  • Сын тұрғысынан ойлай алады.
  • «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қорғап, талдап, түсінеді.
  • «Дананың кілттері» әдісін қорғап, талдап, түсінеді.
  • «Ойлау бутерброды» әдісін қорғап, талдап, түсінеді.
  • Бұл әдістерді сабақтарында тиімді қолдана алады.

Негізгі идея

Слайд-презентация мазмұны: сын тұрғысынан ойлау арқылы білім сапасын арттыру. Коучинг барысында қатысушылар дәлелдеу, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын топтық жұмыс арқылы бекітеді.

Қажетті ресурстар

Әдістемелік қолдау

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық
  • Презентация
  • Үлестірме материалдар

Құрал-жабдық

  • Флипчарттар, стикерлер, маркерлер
  • Қайшы, скотч, клей
  • Түрлі түсті қағаз

Коучинг құрылымы

1) Топқа бөлу және топтық ережелер

Қатысушылар туған айлары бойынша топтарға бөлінеді. Топтық жұмыс барысында белгіленген ережелер сақталады.

Ұйымдастыру

2) 1-тапсырма: Әдістерді талдау және ұсыну

Әр топ берілген әдіс бойынша жұмыс түрлерін анықтап, оны педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын ұсынады. Ойларын флипчартқа түсіріп, қорғайды.

1-топ

Ақылдың алты қалпағы

2-топ

Дананың кілттері

3-топ

Ойлау бутерброды

30 минут

Талқылауға сұрақ

Топтық жұмысты жүргізуде қандай пайдалы әдістерді қолдануға болады?

3) Постерлерді қорғау

Топтар дайындаған постерлерін таныстырып, дәлелдер арқылы қорғайды. Қатысушылар сұрақ қойып, пікір білдіреді.

Топтық жұмыс

4) 2-тапсырма: Сергіту сәті

«Бобинмен бірге жаттығу» арқылы қысқа қимыл-қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылады.

2 минут

5) 3-тапсырма: Сын тұрғысынан ойлау арқылы постер жасау

Топтар «Ақылдың алты қалпағы», «Дананың кілттері», «Ойлау бутерброды» әдістерін қолдана отырып, постер дайындайды.

Ресурстар

  • Флипчарт
  • Скотч
  • Қайшы
  • Түрлі түсті қағаз
  • Клей
30 минут

6) 4-тапсырма: Рефлексия — «Тілек ағашы»

Әр қатысушы бүгінгі коучингтен алған әсерін, ой түйінін немесе тілегін стикерге жазып, «Тілек ағашына» іледі.

Ресурстар

  • Түрлі стикерлер
  • Флипчарт
  • Скотч, қайшы
  • Түрлі түсті қағаз, клей
5 минут

Келешекке тапсырма

Коучинг барысында алынған іс-тәжірибені өз сабақтарында жүйелі түрде қолданып, әдістердің тиімділігін бақылап, нәтижесін әріптестермен бөлісу.

Қолданылатын өнімдер

  • «Ақылдың алты қалпағы» постері
  • «Дананың кілттері» постері
  • «Ойлау бутерброды» постері

Сабақтағы фокус

  • Дәлелмен сөйлеу және пікірді негіздеу
  • Талдау, салыстыру, қорытындылау
  • Топтық жұмыстағы өзара әрекет және жауапкершілік