Тірек сөздерге түсінік беру
Сабақтың тақырыбы және мақсаттары
Тақырып
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Сабақ мақсаты
Ертегіні түсініп оқу.
Сабақ міндеттері
- Білімділік: ертегіні оқып, қойшының тапқырлығы мен ақылдылығына көз жеткізу.
- Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы жауыздықтың әділ сөзбен жеңілетінін ұғындыру.
- Тәрбиелік: шешендік сөздің мәні мен маңызын түсіндіру.
Сабақ форматы мен технологиясы
Түрі: ауызша сабақ – 2
Технология: БЖС, ауызша – 2 (сабақ картасы)
Сабақ құрылымы: 6 кезең
1-кезең. Ұйымдастыру
ЖоспарлауНегізгі әрекеттер
- Сабақтың мақсаты айтылады.
- Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
- Тірек сөздерді іздеу, есте сақтау, тесттік жұмыс және жылдамдық жаттықтыруы жоспарланады.
Бастапқы тірек сөздер
Тақырыпты ашуға арналған негізгі ұғымдар:
- 1) Хан
- 2) Шөлейт
- 3) Жігіттер
- 4) Қой
- 5) Қойшы
- 6) Су
- 7) Көл
2-кезең. Оқушы тәжірибесін өзектендіру
Оқу дағдысыТапсырма
Оқушылар мәтінді 3 минут ішінде бір бет көлемінде шолып оқып, ішінен тірек сөздерді табады.
Орындау тәртібі
- Мұғалімнің рұқсатымен оқушылар тапқан тірек сөздерін дауыстап айтады.
- Мұғалім ООМ бойынша белгілеп отырады: оқушы бір-ақ сөз тапса да, белгі алады.
- Мұғалім барлық оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
- Тірек сөздердің эталоны сабаққа дейін дайындалады.
3-кезең. Қабылдауды ұйымдастыру
ТүсіндіруТірек сөздермен жұмыс
Тақтада берілген тірек сөздерге түсінік беріледі, мағынасы ашылады.
Кеңейтілген тірек сөздер тізімі
- 1) Хан
- 2) Шөлейт
- 3) Жігіттер
- 4) Қой
- 5) Қойшы
- 6) Су
- 7) Көл
- 8) Бұлақ
- 9) Су иесі Сүлеймен
- 10) Сұңқар
- 11) Шөже торғай
- 12) Өзен
- 13) Адырна
- 14) Сұңқар
4-кезең. Ұғынуды ұйымдастыру
Сұрақ-жауапҚарама-қарсы сұрақтар
Матрица бойынша барлық оқушы сұралады. Нәтиже пайызы анықталып, жауап беруі төмен оқушыларға қосымша қолдау көрсетіледі.
- 1. Хан қандай жерлермен келе жатты?
- 2. Олар нені көрді?
- 3. Хан қандай бұйрық берді?
- 4. Шапқыншылар нені байқады?
- 5. Қойшы не істеді?
- 6. Шапқыншылар қойшыдан не сұрады?
- 7. Қойшы не деп жауап берді?
- 8. Шабармандар қалай ежіреңдеді?
- 9. Қойшының жауабы қандай болды?
- 10. Шабармандар қандай бұйрық берді?
- 11. Қойшы неге барудан бас тартты?
- 12. Хан қандай әмір берді?
- 13. Шабармандар қойшыны қалай алып келді?
- 14. Хан қойшыға не айтты?
- 15. Қойшы ханға нені айтып бермек болды?
- 16. Қойшы хикаясы не туралы?
- 17. Сұңқар не іздеп келе жатты?
- 18. Ол нені кездестірді?
- 19. Торғай не деп өтінді?
- 20. Сұңқар шөже торғайды неге босатты?
- 21. Қойшы ханға осы оқиға арқылы нені жеткізбек болды?
- 22. Хан не істеді?
- 23. Қойшы ханға қандай сұрақ қойды?
- 24. Хан қойшыдан қалай жеңілді?
- 25. Қойшыны ажалдан құтқарған не?
- 26. Мәтінді тағы қалай атауға болады?
- 27. Неліктен мәтін «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған?
5-кезең. Түсінуді алғашқы тексеру
БағалауӨзара тестілеу
Оқушылар өткен тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастырады және бірін-бірі сұрайды. Сұрау «орынға отырғызу матрицасы» арқылы жүргізіледі: басқа оқушының нөмірін атап, жауап алынады.
Белгі қою ережесі (ООМ)
- Тесті шешуші оқушы дұрыс жауап үшін қосу белгісін алады.
- Тесті шешуші оқушы қате жауап үшін алу белгісін алады.
- Тест құрастырушы оқушы, егер оның сұрағына дұрыс жауап берілмесе, қосу белгісін алады.
- Тест құрастырушы оқушы, егер оның сұрағына дұрыс жауап берілсе, алу белгісін алады.
6-кезең. Алғашқы бекіту
ҚорытындылауТақырыптық сөздік қор (ТСҚ)
Мәтіннен 37 сөз жазу немесе қысқаша мазмұндама құрастыру.
Жұмыс реті
- 1Матрицаны толтыру.
- 2Ең көп сөз жазған оқушы өз сөздерін оқып береді.
- 3ТСҚ пайызы есептеледі.
Ұпай қою шкаласы
Қорытынды және үй тапсырмасы
Сапа нормативі
Оқушылардың 63%-ы 5 ұпай алуы тиіс.
Үй тапсырмасы
4 белгіден төмен нәтиже алған оқушыларға үйге қосымша тапсырма беріледі.