Бағдарлау - мотивациялық кезең:Психологиялық дайындық:Білем деме, баламБілмейтінің көп шығарБұл дүниеде сірә, Бәрін білген жоқ шығарҚызығушылықты ояту:Көл еркесі қандай құс

Сабақ туралы мәлімет

Сынып және пән

4-сынып, қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты

  • Күрделі сөздер тақырыбын тірек-сызба арқылы меңгерту, өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
  • Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, біріккен сөздер бойынша теориялық ойлау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорын молайту, көркем жазуды жетілдіру.

Принциптері

Ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік

Сабақтың түрі

Саяхат-сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу

Сабақтың барысы

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең

Психологиялық дайындық

Білем деме, балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бұл дүниеде, сірә,

Бәрін білген жоқ шығар.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ: Көл еркесі қандай құс?

Жауабы: аққу

Тапсырма: «Аққу» тақырыбында шағын мәтін құрастыру.

II. Операциялық-орындаушылық кезең

Оқушылар біріккен сөздерді табу және мағынасын түсіндіру үшін жұмбақ-тапсырмалар орындайды.

Жұмбақ 1

Алғашқы буынмын,

Көшті бастар ұшымын.

Сосын тоғай, нуыңның

Жыртқышының бірімін.

Екеуін қоссаң — ірімін,

Көп аңдардың бірімін.

Жауабы: жолбарыс

Жұмбақ 2

Бас буынмын — батырмын,

Зат есімнен келесі.

Талай асқа батырдың

Біріктіріп екеуін,

Еліңде ағып жатырмын.

Жауабы: ертiс

Жұмбақ 3

Бастайтыным сан неше?

Қостайтыным — бір мүшең.

Енді келер жалғасым —

Асқа күнде саларсың.

Бәрін қоссаң, табасың

Қазақстанның қаласын.

Жауабы: Екібастұз

Тірек-сызба: күрделі сөздердің жасалу жолдары

1) Бір не одан да көп түбірдің бірігуі

  • көлбақа
  • балмұздақ
  • қараторғай

2) Сөздердің тіркесуі арқылы

  • ұлпа қар
  • ағаш қасық
  • самал жел

3) Сөздердің қосарлануы

  • үйір-үйір
  • ата-ана
  • дәрі-дәрмек

Ереже

Екі не одан да көп түбірден жасалған сөздер біріккен сөздер деп аталады.

Саяхат бағыты бойынша тапсырмалар

Сабақ «саяхат» формасында ұйымдастырылып, әр «бекетте» оқушылар түрлі жаттығулар орындайды.

Ши құдық негізгі мектебі

Еңбекке баулу пәні бойынша: «Төртқұлақ» оюын қию.

Қараой негізгі орта мектебі

  • Суретті жұмбақ: бір+қазан, түйе+құс, екі+бас+тұз, т.б.
  • Ереже құрастыру: оқушылар ережені өздері шығарады.

Ақшатау негізгі мектебі

  • Оқулықпен жұмыс: 226-жаттығу.
  • Жұмбақ шешу.

Қоңырат негізгі мектебі

  • Көркем жазу жұмысын жүргізу.
  • Оқулықпен жұмыс: 227-жаттығу.

Екпетал негізгі мектебі

Сұрақ: Бұл қандай өсімдік?

Өз жерімізде кездесетін өсімдік. Оның дәрілік қасиеті бар, адамға шипалы. Қайнатып, тұнбасын ішеді.

Жауабы: итмұрын

Мектепке оралу: шығармашылық диктант

Тапсырмалар

  • Саяхат барысында барған жерлерді атау.
  • Берілген сөздердің жасалу жолын түсіндіру.

Бекеттер

  • Қараой
  • Ақшатау
  • Қоңырат
  • Екпетал

Рефлексия және бағалау

Бағалау

Рейтингтік жүйе бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

228-жаттығу.