Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері жайлы түсінік беру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ 6-сыныпқа арналған. Тақырыбы: «ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары» (слайдтар арқылы).

Сабақтың типі

Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ: «Өзіңді тексер!» тесті, тірек-сызбалар, «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны, синквейн әдісі, «Көңіл күй нысанасы».

Құрал-жабдық

Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік

Нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс істеуге, ойын еркін әрі дәл жеткізуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Қосымша құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдістемесі

Сабақ интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіріліп, оқушылардың белсенді қатысуына негізделеді. Тапсырмалар қысқа кезеңдерге бөлініп, білімді бекіту мен өзара талқылауға мүмкіндік береді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Құрал-жабдықтың дайындығын тексеру.
  3. Назарды сабаққа шоғырландыру.
  4. «Сәттілік шеңбері»: оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы арқылы бағаланады.

«Өзіңді тексер!» — тест сұрақтары

1) Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

  • A) Шоттар
  • B) Арифмометр
  • C) Калькулятор
  • D) Серобян

2) Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

  • A) Транзистор
  • B) Интегралдық схема
  • C) Электрондық лампа
  • D) Үлкен интегралдық схема

3) Алғашқы бағдарламашы кім?

  • A) Чарльз Беббидж
  • B) Герман Холлерит
  • C) Ада Лавлейс
  • D) Блез Паскаль

4) Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?

  • A) ABC
  • B) ДВК
  • C) БЭСМ-2
  • D) ENIAC

5) Үшінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

  • A) Транзистор
  • B) Интегралдық схема
  • C) Электрондық лампа
  • D) Үлкен интегралдық схема

6) Төртінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

  • A) Транзистор
  • B) Интегралдық схема
  • C) Электрондық лампа
  • D) Үлкен интегралдық схема

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Негізгі ұғымдар

Конфигурация

Компьютер компоненттерінің (құрамдас бөліктерінің) жиынтығы мен құрамы.

Компьютер сәулеті

Компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерінің сипаттамасы.

Стандарттық сәулет

Аппараттық бөліктер арасындағы байланыс принциптері стандарттармен бекітілген сәулет.

Компьютерлердің басым бөлігі Джон фон Нейман сәулетіне негізделеді және модульдік құрастыру (ашық сәулет) принципін қолданады.

Джон фон Нейман принциптері

  • Екілік принципі

    Деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін екілік жүйе қолданылады.

  • Программалық басқару принципі

    Программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды белгілі бір ретпен бірінен соң бірін орындайды.

  • Жадтың біртектілік принципі

    Бір жадта әрі программа, әрі деректер сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.

  • Жадтың мекенжай (адрестік) принципі

    Жад нөмірленген ұяшықтардан тұрады; процессор кез келген сәтте кез келген ұяшыққа қатынай алады.

  • Тізбектеп программалық басқару принципі

    Барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектей орындалады: біреуі аяқталған соң келесісі орындалады.

  • Шартты көшу принципі

    Бұйрықтар әрдайым тізбектей орындала бермейді: деректер мәніне байланысты орындалу ретін өзгертетін шартты көшу бұйрықтары болуы мүмкін.

Дербес компьютер (ДК) сәулеті және жүйелік шина

Дербес компьютердің (ДК) сәулеті — процессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері құрылғылар және енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктердің өзара байланыса құрастырылуы.

ДК-нің электрондық компоненттері шиналар деп аталатын сымдар тобы арқылы біріктіріледі. Компьютердегі ең басты шина — жүйелік шина.

Адрестік шина

Қай ұяшыққа/құрылғыға қатынау керегін көрсетеді.

Басқару шинасы

Командалар мен басқару сигналдарын жеткізеді.

Деректер шинасы

Деректердің алмасуын қамтамасыз етеді.

Шинаның негізгі сипаттамасы — разрядтылығы (ақпаратты бір уақытта қанша битпен тасымалдайтыны).

Аналық тақша — заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі. Ол, әдетте, екі негізгі ірі микросызбадан (чиптен) тұратын архитектуралық өзекке сүйенеді.