Талдау тапсырмасы
Сабақтың тақырыбы
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.
Мақсаты
Оқушылар файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, сондай-ақ олардың атын өзгертуді толық меңгереді.
Күтілетін нәтижелер
- Барлығы: файлдар, бумалар және белгішелер ұғымдарын біледі.
- Көбі: бумалар мен белгішелерді құрып, атын өзгерте алады.
- Кейбірі: файлдар, бумалар және белгішелерді құруға, атын өзгертуге мысалдар келтіре алады.
Керекті жабдықтар
- Тақырыптық плакаттар
- Үлестірме парақтар
- Оқулық
- Компьютер
- Белсенді тақта
- Бағалау парақтары
Әдіс-тәсілдер
- Жеке жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
- Қалыптастырушы тест
- Сергіту сәті
Кіріспе
Сабақтың басталуыСабақты амандасудан бастаймын.
Оқушыларды отырғызар алдында сыныпты үш топқа бөлемін. Әр топқа мысалдары бар парақтар таратылады.
Білу
Өткен тақырыпты тексеру үшін компьютерде (Excel бағдарламасында) дайындалған 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындатамын.
Сабақ басында таратылған парақтардағы мысалдарды оқушылар өз ойларынша үш топқа жіктейді. Неліктен дәл солай жіктегенін сұрап, сабақтың тақырыбына жетелеймін.
Оқушылармен бірлесіп сабақтың бағалау критерийлерін анықтаймыз.
Түсіну (тұсаукесер)
Жаңа сабақтың материалын экраннан Camtasia бағдарламасында дайындалған түсіндірме арқылы көрсетемін.
Негізгі бөлім
Қолдану тапсырмалары
Практика- 1 Кез келген файл үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
- 2 Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
- 3 Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
- 4 Құрылған жарлықтардың бірін Қоржынға апарыңдар.
- 5 Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
Талдау тапсырмалары
Құрылым және жүйелеу- 1 Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.
- 2 Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
- 3 Жұмыс үстелінде өз бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
- 4 Құрылған жарлықтардың атын өзгертіңдер.
- 5 Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
- 6 Құрылған жарлықтардың бірін Қоржынға апарыңдар.
- 7 Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
Сергіту сәті
Ойын«Қарлы бекет» ойыны.
Қайталау үшін негізгі ұғымдарды атап өтеміз: файлдар, бумалар, белгішелер, оларды құру және атын өзгерту.
Қорытынды
Осы сабақта оқушылар файлдар, бумалар және белгішелермен жұмыс істеудің негізгі әрекеттерін орындап, жарлық құру, реттеу, белгішесін алмастыру, Қоржынға жіберу және жою дағдыларын бекітеді.
Жүктеу
Қосымша материалдар мен тапсырмалар файлы.