Бір парақ қағазға Ерлік тақырыбына сөйлемдер жазу
Тақырыбы
Кішкене қыздың ерлігі
Мақсаты
- Оқушылардың білім деңгейін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тірек сөздер арқылы дұрыс сөйлем құрастыруға дағдыландыру.
- Ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізуге, өзіндік жұмыс жасауға, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету.
- Қиындықты жеңе білуге, ерлікке, отаншылдыққа баулу.
Танымдық сабақ
Сабақ СТО бағдарламасының стратегиялары арқылы жүргізіледі:
Көрнекілік
- тірек суреттер
- әңгіме кестесі
- сөздік
- бағалау парағы
Сабақтың барысы
Сынып үш топқа бөлініп отырады. Топ жетекшілері белгіленеді, бағалау парағы таратылады.
I қадам
Қызығушылықты оятуОй қозғау
Мұғалім сөзі: Бүгін біз батырлық пен ерлік тақырыбына тоқталамыз. Алдын ала тапсырма бойынша сендер сурет салып, соған байланысты шағын әңгіме жазуларың керек еді.
«Шын батыр ел үшін туады, ел үшін өледі. Олар біз үшін соғысып қаза тапты. Біз оларды ешқашан ұмытпауымыз керек».
«Маған Мәншүк Мәметова өте ұнайды. Ол батыл, намысты, тапқыр әрі икемді. Ол өзіне төнген қауіп-қатерден қорықпады».
Сұрақ
Басқа қандай іс-әрекеттерді ерлік деп атар едік?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
II қадам
Дөңгелек үстел-
1) Сөйлем құрастыру
Бір парақ қағазға «Ерлік» тақырыбына сөйлемдер жазыңдар. Қағазды сағат тілімен айналдырып, бір-біріңді қайталамай сөйлемдер қосыңдар.
-
2) Оқу
Жазылған сөйлемдерді дауыстап оқыңдар.
-
3) Көрсету
Дайын жұмысты іліп қойыңдар.
III қадам
Мағынаны тану
Нұсқау
Дәптерлеріңді ашып, күн ретін және тақырыпты жазыңдар.
Терминдермен болжау әдісі
Мәтінмен таныспас бұрын төмендегі тірек сөздер арқылы қысқа әңгіме құрастырыңдар.
- 1941–1945 жылдар
- Өрт (пожар)
- Кішкене қыз және оның інілері
- Қос (шалаш)
Уақыт
5 минут. 2–3 оқушының жұмысы тыңдалады.
Мәтін: «Кішкене қыздың ерлігі»
Бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр жылдарының бірінде болған еді.
Колхозшылар көктем шығысымен егіс басына қос тікті. Осындай қостардың біріне күйеуі соғыста жүрген Күлән үш баласымен көшіп келді.
Жеті жастағы Жібек кішкентай інілеріне қарайтын. Анасы жұмыста болатын.
Бір күні Жібек қостың ішін сыпырып жатқанда, далада ойнап жүрген Нұржан жүгіріп келіп: «Жібек! Жібек! От! От!» — деп айқай салды...
Мәтін аяқталған жоқ.
Алдарыңда болжау картасы жатыр. Соның I және II бөлімдерін толтырыңдар.