Электр тогының көздері
Қысқа мерзімді жоспарлау
Төменде қысқа мерзімді жоспарлауға арналған сабақ тақырыптары жинақталған. Мақсат — оқу мазмұнын жүйелеу, негізгі ұғымдарды нақтылау және сабақтағы жұмыс түрлерін айқындау.
Сабақ тақырыптары
-
1) Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
11-сынып
-
2) Электр тогы. Электр тогының көздері. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері
8-сынып
-
3) Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і. Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары. Тоңазытқыш
Қосымша: жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлі
8-сынып
-
4) Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың жұмысы
8-сынып
-
5) Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер
8-сынып
Физика пәні • 11-сынып
Сабақ тақырыбы: Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
Бұл сабақ тарау бойынша негізгі ұғымдарды жинақтап, теориялық білімді практикамен ұштастыруға бағытталады.
Мақсаты (SMART)
Орта мерзімді жоспарға сәйкес: тарау бойынша білімді жүйелеу, қорытындылау және қолдану дағдыларын нығайту.
Білімділік
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық
Ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, білім деңгейін көтеру.
Тәрбиелік
- Жауапкершілікке баулу және уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
- Жан-жақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- ҰБТ-ның маңызын түсіндіріп, дайындықты жүйелі түрде күшейтуге бағыттау.
- Табиғат құбылыстарын түсіне отырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу және экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар тараудағы негізгі ұғымдарды қайталай отырып, радиоактивті изотоптардың ғылымдағы қолданылуын, олардың қоршаған ортаға және тірі ағзаға әсерін, сондай-ақ қорғану жолдарын тереңірек түсінеді. Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылап, жинақтайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты ұйымдастыру
- Оқушыларды түгелдеу.
- Физикалық шамалар бойынша топқа бөлу.
Назар мен ынтаны күшейту
- Сабаққа зейінді аудару үшін сынып көшбасшысына сөз беру.
- Сыныпты ынталандыру, белсенділігін арттыру.
Сабақ барысы
I кезең
5 минутЖылдамдыққа формулалар жазу: таңдап алынған тақырып бойынша формулаларды еске түсіру, постер дайындап қорғау.
II кезең
Сыни сұрақтар: тестте кездесетін анықтамалар мен формулалар ауызша сұралады. Нәтижелер «орынға отырғызу матрицасы» арқылы белгіленеді.
III кезең
«Ізденген жетер мұратқа»: оқушылар деңгейіне қарай топтастырылып, деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
Автор туралы
Ержан Гүлмира Әбдіханқызы
Сәтбаев қаласы, №1 мектеп-гимназиясы (КММ)
Жоғары санатты физика пәні мұғалімі
Материалдар
- Толық нұсқасын жүктеу жүктеу
- Видеосын жүктеу жүктеу
- 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар жүктеу