Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы
Сабақтың тақырыбы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар бұлшықеттер және олардың типтері туралы оқиды, құрылысына танысып, маңызын түсінеді.
Сабақтың міндеттері
- Топта жұмыс жасауға үйрену.
- Құнды пікір айтуға дағдылану.
- Басқаның ойын тыңдауды үйрену.
І. Ұйымдастыру
Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді: оқушыларға жұлдызшалар таратылады және жұлдызшалардың түсіне қарай 4 топқа бөлінеді (сары, жасыл, қызыл, көк).
«Күлкі — көңіл айнасы» тренингі
«Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте».
Адам күлгенде 17 бұлшық ет қимылдайды.
- Күлкі өмір сүру ұзақтығына оң ықпал етеді.
- Иммунитетті күшейтеді.
- Жиі күлетін адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады.
- Қан айналым жүйесін жақсартады.
- Ағзаның тазару үдерістеріне ықпал етеді.
- Сұлу болғыңыз келсе, әрдайым күлімдеп жүріңіз.
Бағалау парағы
Оқушылар жұлдызшалардың түсі бойынша топтарға бөлінеді.
Топтың №
Топ басшысы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
26-тақырып: Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Тапсырмаларға 3 минут беріледі.
Топтық тапсырмалар
- I Тізе буыны шыққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек (көрсету, түсіндіру).
- II Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек (түсіндіру).
- III Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем (көрсету, түсіндіру).
- IV Кеуде қуысы сүйектері сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек (түсіндіру).
Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы бөлімде көрнекі материал (сурет) қолданылады.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-кезең. Қызығушылықты ояту
- Тақырып: адам анатомиясы — бұлшық еттер және олардың типтері.
- Видео-ролик көру.
- Дәптерге ББҮ кестесін толтыру: «Білемін» және «Білгім келеді» бағандары.
- Топта талқылап, ең құнды пікірді ұжымға ұсыну.
2-кезең. Мағынаны ажырату
Кітаппен жұмыс: 92–94-беттерді оқып, төмендегі топтық тапсырмаларға жауап іздейміз.
IV. «Сұқ саусақ» стратегиясы
I топ — сары жұлдыз
Аяқ пен қол бұлшық еттерін муляждан көрсету.
II топ — жасыл жұлдыз
Кеуденің алдыңғы және артқы бұлшық еттерін муляждан көрсету.
III топ — қызыл жұлдыз
Бұлшық еттердің маңызын түсіндіру.
IV топ — көк жұлдыз
Бұлшық еттердің құрылысын сипаттау.