Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
Бөліп шығару
Сабақтың тақырыбы
7.1.5.2 — Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері
Тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Зертханалық жұмыс
Өскіндер мысалында зерттеу
Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктерін анықтау және бақылау нәтижелерін талдау.
Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
- Экология
- География
Сабақ мақсаттары
Бұл сабақта оқушылар өсімдіктердегі зат алмасу үдерістерін түсініп, тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдерін салыстырады.
Барлық оқушылар білуі керек
- Өсімдіктердегі зат алмасудың соңғы өнімдері туралы ұғым қалыптастырады.
Көптеген оқушылар білуі керек
- Тыныс алу мен фотосинтезді салыстыра отырып, бастапқы және соңғы өнімдерді толық меңгереді.
- Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары туралы ойын еркін жеткізеді.
Кейбір оқушылар білуі керек
- Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
- Тыныс алу мен фотосинтез арасындағы айырмашылықтарды ажыратып, нақты мысалдар келтіреді.
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын тексеру және оқу құралдарын түгендеу.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Сыныпты түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлу: «Білімділер», «Алғырлар», «Зерттеушілер».
Алдыңғы білімді қорыту
«Ыстық орындық» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:
- 1 Ағза үшін зәр шығарудың маңызы қандай?
- 2 Ағзада шлактар қайдан пайда болады?
- 3 Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы қандай?
- 4 Жануарларда газ алмасу қай мүше арқылы сыртқа шығарылады?
- 5 Адам және сүтқоректілер үшін азотты негізгі шлак қалай аталады?
Дескрипторлар
Түсіндіреді
Ағза үшін зәр шығарудың маңызын біледі.
Анықтайды
Ағзадағы шлактардың қайдан пайда болатынын айтады.
Сипаттайды
Жануарлардағы газ алмасу үдерісін баяндайды.
Негіздейді
Адам және сүтқоректілер үшін азотты қалдықтардың маңызын түсіндіреді.
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
Мұғалім
Айджанова Гүлжазира Алуадиновна
Материал
«Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері» тақырыбы бойынша оқу материалы жүктеуге дайын.