Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай…» өлеңі

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Мақсаттар

1) Танымдық мақсат

Оқушыларды Абайдың «Желсіз түнде жарық ай…» өлеңімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығын шабытты суреткердің көзімен көре отырып, адам өмірі мен табиғат құбылыстары арасындағы сабақтастық пен үндестікті ұғындыру.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту. Ерік-жігерін шыңдап, қиындықты жеңе білуге талпындыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Адамгершілік тәрбие беру; табиғаттың әсемдігін, көшпелі ауыл тіршілігі қалыптасқан табиғи ортаны қастерлеуге баулу. Табиғат көрінісін адам өмірімен біртұтас құндылық ретінде түсінуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және байланыстар

Көрнекілік

  • Суреттер
  • Сөзжұмбақ
  • Кітап көрмесі
  • Электронды оқулық
  • Интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Іздену
  • Өз бетінше жұмыс
  • Топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Математика
  • Дүниетану
  • Музыка

Жаңа технология

Дамыта оқыту технологиясы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың оқу құралдарын дайындауын қадағалап, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау («Наурыз — жыл басы»)

  • Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  • Мазмұндату, сұрақтарға жауап алу.

III. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру

Көктем айы Наурыз Күн жылы Жаңа жыл Аналар мерекесі

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

1) Сөзжұмбақ арқылы тақырып ашу

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы сөзжұмбақ шешіледі. Сөзжұмбақтың шешуі — «Желсіз түнде жарық ай…». Оқушыларға тақырыпты хормен айтқызу.

2) Автор туралы қысқаша мәлімет

Өлеңнің авторы — Абай Құнанбаев. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Абай өз өлеңдеріне ән де жазған. Оның атымен көшелер, мектептер, жоғары оқу орындары, сондай-ақ опера және балет театры аталады. Абай мұражайы өзі туған өңірмен байланысты Семей қаласында орналасқан.

3) Көрнекілікпен жұмыс

  • Интерактивті тақтадан электронды оқулық арқылы мұражаймен таныстыру.
  • Кітап көрмесін таныстыру.

V. Жаңа сабақтың мазмұны

1) Оқулықпен жұмыс

«Желсіз түнде жарық ай…» өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру. Өлең табиғат сұлулығын суреттейді. Бұл өлеңге Абай ән жазған.

2) Тыңдалым

Өлеңді әнімен тыңдату.

3) Дәптермен жұмыс

Абайдың өлеңдерінен үзінділерді дәптерге жаздыру.

VI. Оқушы білімін жан-жақты пысықтау (топтық жұмыс)

I топ: «Мұрагер»

1-шарт

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

2-шарт

«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» — Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

3-шарт

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» — өлеңнің жалғасын тауып, топтастыру.

II топ: «Тұлпар»

1-шарт

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

2-шарт

«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» — Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

3-шарт

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» — өлеңнің жалғасын тауып, топтастыру.

VII. Қорытынды

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі: өлеңнен байқаған табиғат көрінісі, көңіл күй және негізгі ой туралы пікір айтады.

VIII. Үй тапсырмасы

  1. 1 «Желсіз түнде жарық ай…» өлеңін жаттау.
  2. 2 Абайдың өмірбаяны бойынша қосымша деректер жинау.