Шұбарқұдықтан 126 шақырым қашықтықтағы кент атауы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Атажұрт

Түрі

Кластан тыс сабақ

Әдісі

Сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың туған өлкесінің топонимикасын қаншалықты білетінін тексеру.
  • Ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
  • Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Туған өлкесін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

  1. 1

    Өзін-өзі таныстыру

    Команда атауы, ұраны, эмблемасы және әр оқушы есімінің қойылу себебі таныстырылады.

  2. 2

    «Иә — жоқ»

    Екі командаға бірдей сұрақ қойылады. Жауап қағазға «иә» немесе «жоқ» деп жазылады. Әр дұрыс жауап — 100 ұпай.

  3. 3

    «Менен сұрақ, сізден нақты жауап»

    Тақтада 9 торкөз беріледі. Команда мүшелері кезекпен торкөз таңдап, сұраққа 1 минут ішінде жауап береді. Жауап бермесе — тігілген ұпай шегеріледі, берсе — қосылады.

  4. 4

    Бой сергіту

    Капитандарға жер-су атауы беріледі. Оның қандай географиялық нысан екенін тез әрі дәл айту керек.

  5. 5

    Интеллектуалдық жекпе-жек

    Топонимдердің шығу тарихына қатысты аңыздар мен деректер бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

1-кезең: Өзін-өзі таныстыру

Шарты

  • Команда мүшелері өздерінің аты-жөнін, команда атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
  • Әр оқушы өз есімінің қойылу себебін қысқаша түсіндіреді.
  • Әділқазылар команда атауы, ұраны және эмблемасына сәйкес ұпай қояды.

2-кезең: «Иә — жоқ»

Ереже

Екі командаға бірдей 10 тұжырым беріледі. Жауап «иә» немесе «жоқ» түрінде қағазға жазылады. Әр дұрыс жауап — 100 ұпай.

Тұжырым Жауап
1 Темір ауданының тарихы 1868 жылдан бастау алады. Иә
2 Қандыағаш қаласы Орынбор — Ташкент теміржолының өтуіне байланысты салынған станция ретінде қалыптасты. Иә
3 Ақтөбе облысының климаты шұғыл континенттік. Иә
4 Ақтөбе облысы Қазақстан аумағының 8%-ын алып жатыр. Жоқ
5 Облыс солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Иә
6 Ойыл жәрмеңкесі жылына 4 рет өткізілген. Жоқ
7 Халықтың діни және әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты топонимдерге қазба байлық атаулары жатады. Жоқ
8 Жақсымай — Темір қаласының солтүстік-батысында 65 км жерде орналасқан кен орнына байланысты қойылған атау. Иә
9 Боташ төбесі Шалқар ауданында орналасқан. Иә
10 Ақтөбе облысы бойынша мәліметтер XVII ғасырда жинақтала бастады. Жоқ

3-кезең: «Менен сұрақ, сізден нақты жауап»

Шарты

  • Тақтада 9 торкөз көрсетіледі; командалар кезекпен бір торкөз таңдайды.
  • Жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.
  • Сұрақ таңдалмас бұрын команда жиналған ұпайдан белгілі бір мөлшерін «тігеді».
  • Дұрыс жауап берілсе — тігілген ұпай қосылады, жауап болмаса — шегеріледі.

1-сұрақ

Жауап: Құмшоқат

Ақсай ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан. Соғыс жылдарында мұнай өңдейтін шағын зауыт болған. Жер бедері біркелкі емес, шоқат құмдар жиі кездеседі.

2-сұрақ

Жауап: Шұбарқұдық

Жерінің әр алуандығы және жер асты суының түрлілігімен ерекшеленетін бұл мекен Шилі өзенінің бойында орналасқан.

3-сұрақ

Жауап: Қарақамыс

1869 жылы Темір уезінің орталығы болған Темір қаласында 1875 жылдан бері жәрмеңке өткен. Бұл жер Темір өзенінің орта ағысында орналасқан. Мұнда өте қалың, түсі қара қамыс өсетін болғандықтан, жәрмеңке атауы да осы жермен байланысты аталған.

4-сұрақ

Жауап: Кербие

Ащыойыл өзені бойындағы жер атауы. Аңыз бойынша Құрманқожа руынан шыққан Сұлтанбек батырдың кер биесі қыстауға жете алмай өзен жағасында қалып қояды. Жаз шыға биенің құлындап, аман екенін көрген соң, бұл өңірдің қыстауға қолайлы екені белгілі болған.

5-сұрақ

Жауап: Шұбарши

Шұбарқұдықтан 126 км қашықтықтағы кент атауы. Жері шұбар ала, шиі мол, көпжылдық сабақтас шөптесін өсімдікке байланысты осылай аталған.

6-сұрақ

Жауап: Қотыртас

Шұбарқұдықтан 5 км қашықтықта орналасқан, беті бұдыр-бұдыр тасты жер атауы. Ерекшелігіне байланысты осылай аталған.

7-сұрақ

Жауап: Темір

Бұл атау ерте аңыз-әңгімелерде, жырлар мен поэмаларда кездеседі. «Қобыланды батыр жыры» және «Ақсақ Темір аңыздары» бойынша зерттеушілер атаудың төркінін Алтын Орда хандығын құлатқан Ақсақ Темірдің жорығымен байланыстырады.

8-сұрақ

Жауап: Кеңқияқ

Саз балшықты жерлерде, өзен-көл жағалауларында өсетін шөптің бір ерекшелігі — құрғақшылықта сарғайып кеуіп қалып, жауын-шашын түскенде қайта қалпына келуі. Осындай шөптің көптігіне байланысты Темір өзенінің оң жағында, Шұбарқұдықтан 120 км қашықтағы елді мекен осылай аталған.

9-сұрақ

Жауап: Қалмаққырылған

Бұл атау XVIII ғасырдың басында, 1723–1726 жылдары Еділ бойы қалмақтарымен болған ірі шайқастан кейін пайда болған. Осы жерде қалмақ әскері ойсырай жеңіліп, көп шығынға ұшырағаны туралы деректер жазушы Ә. Кекілбаевтың роман-трилогиясында және басқа тарихи шығармаларда келтіріледі.

4-кезең: Бой сергіту

Шарты

Әр команданың капитанына жер-су атауы беріледі. Капитан атаудың қандай географиялық нысан екенін (өзен, көл, тау, шоқы, төбе, бұйрат, сор, елді мекен т.б.) жылдам әрі қателеспей айтуы керек.

1. Мұғалжар

Дұрысы: тау

2. Шошқакөл

Дұрысы: көл

3. Боқтыбай

Дұрысы: шың

4. Аққұм

Дұрысы: төбешік

5. Бөкенбай

Дұрысы: шоқы

6. Жаманшың

Дұрысы: тау

7. Нұра

Дұрысы: тау

8. Құмжарған

Дұрысы: төбе

9. Темірастау

Дұрысы: тау

10. Атжақсы

Дұрысы: өзен

11. Қарақобда

Дұрысы: өзен

12. Шалқар

Дұрысы: көл

13. Әйке

Дұрысы: көл

14. Тебіссор

Дұрысы: сор

15. Белқопа

Дұрысы: көл

16. Соркөл

Дұрысы: көл

17. Ойыл

Дұрысы: елді мекен

18. Айырқызыл

Дұрысы: құм

19. Кіші Борсық

Дұрысы: төбешік

20. Жаманқұм

Дұрысы: жайлау

5-кезең: Интеллектуалдық жекпе-жек

Сұрақ 1: «Сабынды көл» атауының аңызы

Ертеде бұл жерде үлкен көл болған. Қыста көлдің үстімен түйе жеккен шанамен сабын таситын. Бір күні мұз жарылып, сабынның бәрі суға кетеді. Содан кейін судың беті көбіктеніп тұрған деседі. Осы оқиғадан соң көл «Сабынды көл» аталып кеткен.

Өңір: Мұғалжар ауданы Жауап: Сабынды көл

Сұрақ 2: «Эмба» атауының шығу тегі

Қазақ тілінің тілдік қорында бұл сөздің тікелей мағынасы жоқ. Қала Жем өзенінің бойында орналасқан. Аңыз бойынша, ертеректе Ресей өлкетанушылары осы өңірді аралаған кезде көктемгі тасқыннан өзен асау болып, өткел бермей қояды. Жолаушылар жергілікті қариядан жол сұрағанда, ол тілмашқа: «Сұрап тұрғаныңыз Жем бе?» дейді. Содан олар атауды орыс тіліне ыңғайлап, картасына белгілеп кеткен. Теміржол стансасы «Жем» аталып, ал қала атауы «Эмба» түрінде орныққан.

Нысан: қала Өзен: Жем Жауап: Эмба