Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Топқа бөлу

Мектеп

Сам мектеп – балабақша кешені КММ

Мұғалім

Мамбетова Назгүл Далубековна

Пәні және сыныбы

Өзін-өзі тану · 4-сынып

Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық
Ақиқат
Қасиеттер
Қайырымдылық, адал еңбек, өз-өзіне сенімділік
Сабақ мақсаты
Оқушыларға еңбектің құндылығы туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  • Еңбекқор және еріншек ұғымдарының мәнін ашу.
  • Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттыру.
  • Еңбексүйгіштікке, адал еңбекке тәрбиелеу.

Ресурстар

Слайд Видеоресурс «Тілек ағашы» (кәмпит) Түрлі түсті қаламдар Ақ парақтар Стикерлер

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тапсырмаларды талқылау, қорытындылау.

3) Топқа бөлу

Топ атаулары: «Еңбекқор», «Талапкер», «Қуаныш».

«5Т» ережесі

Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәті (жүрекке нұр жинау)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолды айқастырмаңыз. Қолды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күннің нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүлдің түйнегі бар. Ол нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза, әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілегіңізді тазартып, жүрегіңіздің «қауызын» ашады.

Нұр сәулесі бойыңызға жаймен тарай бастайды, біртіндеп күшейе түседі. Оймен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі іс жасап, баршаға көмектессін.

Нұр аяқтарыңызға тарады: аяқтарыңыз сәуле шашуда. Олар сізді жақсылық жасауға жетелейтін игі орындарға апарады. Аяқтарыңыз нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр аузыңызға, тіліңізге тарайды. Тіліңіз тек шындықты айтып, жақсы да ізгі сөздер ғана сөйлесін.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естісін.

Нұр көздеріңізге де жетті: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылық таба білсін.

Басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келсін.

Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылаға айналады да, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жіберіңіз: олардың да жүрегі нұрға толсын.

Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілік иесіне таралсын. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — Нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы әлем жүрегіңізде. Оны осы әсем күйінде сақтаңыз. Жайлап көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Дәйексөз

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап».
Абай

Оқиғаларды әңгімелеу (сұрақтар)

  1. 1 Еңбектену адамға не үшін қажет?
  2. 2 Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
  3. 3 Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
  4. 4 Өз еңбегіңнің жемісін көргенде қандай сезімде боласың?

Мақал-мәтелдер

  • Ер дәулеті – еңбек.
  • Еңбексіз іс бітпейді.
  • Еріншектің қолы жетпейді.
  • Ердің атын еңбек шығарар.
  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Мәтінмен жұмыс

Тақырып

«Еңбексүйгіш пен Еріншек»

Мұғалім сыйы

Видеоресурс: «Құмырсқа мен ала қоңыз»

Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

1-топ: «Еңбекқор»

Еріншек бала мен еңбекқор балаға мінездеме беріңіздер.

2-топ: «Талапкер»

«Адал еңбек» тақырыбында постер дайындап, қорғаңыздар.

3-топ: «Қуаныш»

«Еңбек пен бақыт — егіз» тақырыбында шағын шығарма жазыңыздар.

Ойын: «Сиқырлы кәмпит»

Сұрақ-жауап
  1. Еңбек, еңбексүйгіштік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
  2. Қандай адамды еңбекқор дейміз?
  3. «Адал еңбек» дегенді қалай түсінесің?
  4. Еңбектің жемісі деп нені ойлайсыңдар?
  5. Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтыңдар.
  6. Еңбексүйгіш адамның бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар.

Топпен ән айту

«Ертегілер» әні.

Үй тапсырмасы

Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді бүгінгі сабақтан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық — соны ойланайық.

Мен осы әсем де көрікті әлемді сүйемін. Егер әр әрекетіміз дұрыс болса, жан дүниемізде тыныштық орнайды.

Тыныштық — жүрегіңді тыңдау. Осының бәрін жүрегімізге сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.