Ахмет Байтұрсынов - публицист
Сабақтың тақырыбы
Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
- Аудармаларына шолу жасау.
- «Қырық мысал» шығармасындағы идеяны ашу.
- Әдеби-теориялық талдау жүргізу.
Дамытушылық
- Сұрақ пен тапсырмаға, ізденіске негізделген жұмысты өз бетінше орындауға дағдылану.
- Жаңа технологиялық үрдістерге сай жұмыс тәсілдерін қолдану.
- Өз пікірін сенімді, дәлелді әрі тұжырымды жеткізе білу.
Тәрбиелік
- Адамгершілікке және қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
- Оқушы бойына асыл қасиеттерді сіңіруге бағыттау.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмысқа дайындықты тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдын ала берілген материалдар бойынша талқылау және қысқаша қорытындылау.
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Мұғалімнің бағыттаушы сөзі арқылы тақырыптың өзектілігін ашу.
Кіріспе сөз (мұғалім сөзі)
Үйден дайындық бар ма? Тапсырмаларың дұрыс па?
Оқымасаң, уайым қып,
Тығылмаңыз қуысқа.
Үй жұмысына Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс тапсырмалары берілді:
- Ахмет Байтұрсынов — қазақ әдебиетін зерттеуші.
- Ахмет Байтұрсынов — қазақ тілін зерттеуші.
- Ахмет Байтұрсынов — ағартушы.
- Ахмет Байтұрсынов — публицист.
«Сыр сандықша»: әдеби-теориялық сұрақтар
Оқушылар сұрақтарға толық жауап бергенде ғана «сандықшаның сыры» ашылады. Бұл бөлім негізгі ұғымдарды еске түсіруге арналған.
Ассонанс
Өлең жолдарының бірыңғай дауысты дыбыстардан басталуы немесе қайталануы арқылы жасалатын үн үндестігі.
Аллитерация
Өлең жолдарында бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы жасалатын дыбыстық өрнек.
Эпитет
Заттың не құбылыстың айрықша сипаты мен сапасын айқындайтын бейнелі сөз.
Теңеу
Заттың не құбылыстың белгілерін басқа бір нысанмен салыстыра отырып бейнелеу.
Метафора (ауыстыру)
Сөз мағынасын ауыстырып қолдану арқылы ойды көркемдеп, суреттеліп отырған зат пен құбылысты ажарландыра түсу; ұқсастық негізінде мағынаны тереңдету және әсерін күшейту.
Метонимия (алмастыру)
Өзара шектес, себептес немесе тығыз байланысты ұғымдардың бірінің орнына бірін қолдану.
«Сандықшаның сыры» ашылды: адамға тіл мен құлақ қандай қажет болса, білім де сондай қажет.
ХХІ ғасыр — білім мен ғылым ғасыры. Біліммен мықты қаруланған адам кез келген қиындықты еңсере алады. «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғарып» деген нақыл да осы ойды бекітеді.
Ахмет Байтұрсынов: тұлға және мұра
Ағартушы-ұстаз
Балаларды оқу-білімге шақырып, ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы-педагог.
Тіл білімінің негізін қалаушы
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаған ғалым, сөз құдіретін танытқан қаламгер.
Ақын және публицист
Халқының рухани дүниесін көтеруге еңбек сіңірген ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері.
Аудармашы
1901–1922 жылдары аудармамен айналысып, И. А. Крылов шығармаларын қазақ тіліне шебер бейімдеді. Сол еңбектерінің бірі — «Қырық мысал».
Мысал жанры: қысқа формадағы өткір сын
Мысал дегеніміз не?
Мысал — эпостық шығармалардың ең қысқа түрлерінің бірі. Ол көбіне сатиралық сипатта болып, аң-құс, хайуанат, кейде түрлі заттарды кейіпкер ете отырып, адам бойындағы мінді және қоғамдағы кемшілікті әшкерелейді.
Мысалдың тілі көбіне ықшам, өткір, шымыр келеді; ойы астарлы түрде беріліп, оқырманды түйін жасауға жетелейді.
«Қырық мысал» бойынша талдау бағыты
Негізгі идея
Шығармадағы түйінді ой — мақтанға салынбау. Шыбын образы арқылы адамдар бойындағы мақтаншақтық сыналады.
Тыңдалым
Мысалды үнтаспадан тыңдау арқылы интонация, екпін және мазмұндық реңкті байқау ұсынылады.
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
- 2Өмірден қандай мысал келтіруге болады?
Қорытынды тапсырма
Концептуалдық кесте
Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары бойынша негізгі ұғымдар мен идеяларды кесте түрінде жинақтау.