Информатика әлеміне аяқ басып, Компьютер тілінде біз жарысалық
Сыныптан тыс шара: «Информатика дарабозы»
Интеллектуалдық сайыс формасындағы сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Сабақ жоспарын таныстыру.
Жүргізуші сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Информатика дарабозы» сайысына қош келдіңіздер! Бүгін сіздермен бірге «Үздік информатик» ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 9-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Жарыс кезеңдері және ұпай беру жүйесі
-
I
«Бәйге»: 10 сұрақ. Дұрыс жауап — 10 ұпай.
-
II
«Тіл-өнер»: 10 жұмбақ сөз. Сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтса — 30 ұпай, екі тілде — 20 ұпай, бір тілде — 10 ұпай.
-
III
«Көкпар»: логикалық есептер. Дұрыс жауап — 10 ұпай.
-
IV
«Адасқан әріптер»: сөздерді дұрыс құрастыру. Дұрыс жауап — 5 ұпай.
-
V
«Жорға»: қалған екі оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Ең көп ұпай жинаған оқушы «Информатика дарабозы» атанады.
-
VI
Марапаттау: қорытындылау және жеңімпазды анықтау.
Алдағы барар бағыт анық — ұшқыр ойыңды тағы таныт. Информатика әлеміне аяқ басып, компьютер тілінде жарысайық.
I кезең — «Бәйге»
10 сұрақ, әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
1. Кез келген программаның алғашқы жолы қай сөзден басталады?
Жауабы: Program
2. Нақты типті білдіретін операторды тап.
Жауабы: Real
3. Алгоритмнің түрлері қандай?
Жауабы: сызықтық, тармақтық, циклдік
4. Қалдықты бөлу амалы қалай белгіленеді?
Жауабы: MOD
5. Integer қандай сан түрі?
Жауабы: бүтін сан
6. Меншіктеу операторы қалай белгіленеді?
Жауабы: :=
7. Var қызметші сөзінің аудармасы қандай?
Жауабы: айнымалы
8. Pascal программалау тілінің авторы кім?
Жауабы: Никлаус Вирт
9. Түбір астындағы X мәнін Pascal тілінде қалай жазамыз?
Жауабы: SQRT(X)
10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал?
Жауабы: компьютер
Жас достарым, информатиканы құрметтеу — әрқайсымыздың парызымыз. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерсеңіз, бұл кезеңде де мүмкіндік мол.
II кезең — «Тіл-өнер»
10 жасырын сөз оқылады. Үш тілде айтса — 30 ұпай, екі тілде — 20 ұпай, бір тілде — 10 ұпай.
Жұмбақ 1
Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.
Жұмбақ 2
Ұзынтұра Жалқаубек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды.
Жұмбақ 3
Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютердің жаны — мекені.
Жұмбақ 4
Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам қағазсыз.
Жұмбақ 5
Батырмасын басасың — қажетті файлды ашасың.
III кезең — «Көкпар»
Логикалық есептер. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
1. Бөлменің әр бұрышында бір мысық отыр. Әр мысыққа қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4
2. Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
Жауабы: 3 стақан
3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
Тапсырма (құрастыру жұмысы).
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайтуы үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Алдымен нені жағасыз?
Жауабы: шырпы
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Ортасында тұру үшін қай басқышта тұру керек?
Жауабы: 8
Сайыста жарысайық — кімнің ойы мықты? Бұл кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз үш оқушымен қоштасамыз: «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер».
IV кезең — «Адасқан әріптер»
Дұрыс жауап — 5 ұпай.
| Адасқан сөз | Дұрыс нұсқа |
|---|---|
| Нимотор | Монитор |
| Пьюромтек | Компьютер |
| Енрепатқат | Пернетақта |
| Лайф | Файл |
| Рльоукятакл | Калькулятор |
| Атқсуа | Сақтау |
| Аэкторикелн | Электроника |
| Дңеөу | Өңдеу |
| Млтогира | Алгоритм |
Бұл кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз: «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер».
V кезең — «Жорға»
Қалған екі оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Көп ұпай жинаған оқушы «Информатика дарабозы» атанады.
Сұрақтар (1–10)
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы қалай аталады? (Принтер)
- Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал? (Сканер)
- Компьютердің «ақыл-ойы»? (Процессор)
- «Терезе» сөзінің орысша атауы? (Окно)
- Сурет салуға арналған графикалық редактор? (Paint)
- Алғашқы есептеу құрылғысы? (Саусақ)
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (Бит)
- 1 байтта неше бит бар? (8)
- Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі? (Блок-схема)
- Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (Вирус)
Сұрақтар (11–20)
- ЭЕМ-мен жұмыс кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60–70 см)
- Paint қандай редактор? (Графикалық)
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (Бит)
- «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
- Дүниежүзілік желі? (Интернет)
- Бас әріптер режимін іске қосатын перне? (Caps Lock)
- Екілік санау жүйесінің цифрлары? (0 және 1)
- Компьютердің «миы»? (Процессор)
- Вирусты жоятын программа? (Антивирус)
- Дыбыс жазу құрылғысы? (Микрофон)
Қорытынды және марапаттау
Бүгінгі «Информатика дарабозы» интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдап, белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!