Бағытталған сұрақ
Тақырыбы
Фетр матадан қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жасау
Мақсаты
Фетр матамен жұмыс істеу арқылы ұлттық ою-өрнектердің мағынасын анықтауды және оларды қолдану жолдарын меңгерту.
Жалпы мақсат
- Фетр матасы туралы қысқаша шолу жасау.
- Тапсырмалар арқылы фетрден қазақтың ою-өрнектерін жасау әдістерін меңгерту және орындауға машықтандыру.
- Ою-өрнектерді қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге және сақтауға үйренеді.
- Өз бетінше жұмыс істей алады.
- Шеберлігі мен практикалық дағдылары дамиды.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Мен қуанамын, сен қуанасың, бәріміз қуанамыз — арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу
Оюлар атауы бойынша 4 топқа бөліну:
Жауқазын тобы
Бәйшешек тобы
Айшық тобы
Шеңбер тобы
Сабақ барысы
Білім қызығушылығын ояту
«Сақина салмақ» ойыны.
Түсіну
«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ-жауап.
Қолдану
Жеке жұмыс.
Сергіту сәтінде сабақ барысында домбыра күйі қойылады.
Талдау
Бағытталған сұрақ әдісі арқылы тапсырмаларды талдау.
Жинақтау
Сарамандық жұмыс.
Сабақты қорытындылау
Ең үздік жұмыстарды мектептегі этнографиялық мұражайға орналастыру.
Бағалау
Критерий бойынша бағалау.
Рефлексия
«Білім ағашы» әдісі.
Үй тапсырмасы
Слайд дайындап келу:
1-топ
Ою-өрнек түрлері
2-топ
Альбом шығару
3-топ
Реферат
4-топ
Фетрден ою жасау
Қосымша
Сөзжұмбақ (слайд)
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1. Тігін жұмысына керек зат?
- 2. Аңыз-әңгімелерде кездесетін ертегі кейіпкері?
- 3. Шебер ою оюшы адамды қалай атаймыз?
- 4. Жан-жануарлар әлеміне байланысты ою-өрнек?
- 5. Қазақтың ұлттық киімі?
- 6. Геометриялық пішіндерге байланысты ою-өрнектер?
- 7. Еліміздің қай рәміздерінде ою бейнеленген?
- 8. Ою-өрнек түрлері неше топқа бөлінеді?
- 9. Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнек?
- 10. Өсімдік әлеміне байланысты ою-өрнек?