Мәтіннің түрлері
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп және мұғалім
- Орналасуы
- Алматы облысы, Талғар қаласы
- Білім беру ұйымы
- №7 мектеп-лицей
- Пән мұғалімі
- Дарменқұлова Ғалия (қазақ тілі мен әдебиеті)
Тақырып
Мәтін және стиль
Бұл сабақ мәтіннің құрылымы мен тілдік сипатын талдауға, сондай-ақ стиль түрлерін ажыратып, мәтін мен стильдің өзара байланысын түсінуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Мәтінді тану және талдау дағдысын қалыптастыру.
- Әр мәтіннің тілдік сипатын, құрылымдық және түзілім ерекшеліктерін меңгерту.
2) Дамытушылық
- Мәтінді талдау кезінде грамматикалық тұлғаларға назар аударту.
- Тілдік бірліктердің қызметін анықтауға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
- Автор еңбектерін (көркем шығарма, газет-журнал мақалалары, ғылыми зерттеулер, ресми-іскерлік хаттар) зерделеп, талдау.
- Мәтін мен стиль арасындағы байланысты анықтау.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- 1 Модуль құрылымымен таныстыру.
- 2 Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
- 3 Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
- 4 Шығармашылық ізденіске баулу.
Көрнекіліктер
Пайдаланылатын әдебиеттер
- М. Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы».
- Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. «Қазақ тілі». Оқулық-тест. Алматы: Шың, 2007.
- Б. Хасанов, А. Қасымбек. «Қазақ тілі», 9-сынып. Арман-ПВ, 2013.
- «Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері». Әдістемелік нұсқау. Алматы, 2006.
Сабақтың барысы
Кезеңдер
- I Ұйымдастыру кезеңі.
- II Модульдің құрамы, мақсаты және міндеттерін түсіндіру.
- III Мәтін түрлерін ажырату: сипаттау, баяндау, пайымдау.
- IV Кітаби тілдің стильдік тармақтары: ауызекі сөйлеу, ресми, ғылыми, көркем әдебиет, публицистикалық стиль.
- V Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу. Ұлылар сөзін түсіндіріп, өз пікірін жазу.
Негізгі ұғымдар
Мәтінді құру (автор) және мәтінді қабылдау (оқырман)
Берілген тақырыпқа сай автор мәтінді құру барысында белгілі бір дерекке, мәліметке сүйеніп, ойын жүйелі жеткізуді жоспарлайды. Ой-тұжырымын қорытып, тілдік бірліктерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) іріктеп қолданады да, мәтінді жазады.
Оқырман өз ойын автордың айтпақ ойымен салыстырады. Бұл үшін әр сөздің лексика-грамматикалық және стильдік сипатын талдап, түсінуге мән береді.
- Синтаксис
- Сөз тіркесі мен сөйлем құрылымын зерттейді.
- Стилистика
- Синтаксистік бірліктердің жұмсалу аясын, экспрессивті мағыналарын, адамға әсер етуін және орынды қолданылуын қарастырады.
- Мәтін
- Айтылатын ойдың жазбаша көрінісі.
- Дискурс
- Белгілі бір жүйеге түскен, қатысушылары бар қолданыстағы мәтін (сахна, кино, радио, теледидар және т.б.).
Мәтін жоспары және практикалық тапсырма
Жоспардың қызметі
- Айтылатын ойды жинақтап, реттейді.
- Мәтін мазмұнын ашуға көмектеседі.
- Жұмысты бағдарлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Ойды анық әрі жүйелі жеткізуге ықпал етеді.
22-жаттығу
ПрактикаТөмендегі жоспар негізінде мәтін құрастырыңыз:
- Достық — қасиетті ұғым.
- Достарым — мейірімді, тамаша жандар.
- Достықты бағалау керек!
Ескерту: мәтінде сөз, сөз тіркесі және сөйлемдердің стильдік реңкін орынды таңдауға мән беріңіз.