Сәукеле - келіншек киімі
Сабақтың тақырыбы
Сәукелені сәндеу және тігу. Бисер мен моншақтар арқылы әшекейлеу.
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту.
Пәнаралық байланыс
Тарих, бейнелеу өнері, математика.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, сәукеле үлгілері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұлттық киім түріне жататын сәукелеге сипаттама беру.
Дамытушылық
Теориялық білімді іс жүзінде қолдануға үйрету; халқымыздың тарихын танып-білу арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру және дамыту.
Тәрбиелік
Шеберлікке, шыдамдылыққа баулу; ұлттық дәстүрді сақтауға, еңбекке қызығушылықты арттыруға тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар
- Қайшы
- Ине
- Жіп түрлері
- Қалың, түрлі-түсті мата (мақпал/барқыт)
- Метрлік таспа
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
-
2
Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырып бойынша білімді бекіту.
-
3
Жаңа сабақ
Сәукеленің құрылымы, тігу және әшекейлеу ерекшеліктері.
Жұмысқа қажетті бөліктер
Сәукеле үшкілі
4 бөліктен тұрады.
Назар аудару
Бөліктердің өлшемін дәл алып, қиықтарды біркелкі ұстау қажет.
Технологиялық тізбектілік
-
1) Үшкілдің бүйір қиықтарын қайып тігу
Тігіс арақашықтығын біркелкі сақтап орындау.
-
2) Тігістерін айыра үтіктеп, қайыру
Матаның түріне қарай үтіктің қызуын дұрыс таңдаңыз.
-
3) Сәукелені астармен жөрмеп тігу
Астардың тартылып қалмауын қадағалау.
-
4) Төменгі қиыққа моншақ пен маржан тігу
Әшекейдің салмағын тең бөліп, мықты жіппен бекіту.
-
5) Әр үшкіліне өрнек жүргізіп, қол кесте тігу
Өрнек симметриясын сақтау — бұйымның көркемдігін арттырады.
-
6) Жоғарғы төбелдірігіне үкі қадау
Үкіні берік бекітіп, сәндік тепе-теңдігін бақылаңыз.
Сәукеле кигізу — салт пен салтанат
«Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар-жар-ау...»
Қазақ салт-дәстүрлерінің түрі көп. Солардың ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны ерекше. Сәукеле — әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, жұбайлық өмірдің басталуын айқындайтын ұмытылмас сәттің нышаны.
Келінге сәукеле кигізу — өз алдына салтанат. Бұл рәсімге құда-құдағилар шақырылады, шашу шашылады, ақ бата беріледі. Сәукеле байғазысы да елеусіз болмайды. Сәукелелі келін көрікті әрі ажарлы көрінеді; оны жұрттың бәрі тамашалауға ынтық.
Жас отау, сәукелелі келін, ойын-сауық пен жарасымды күлкі — бәрі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер қалдырады.
Сәукеле туралы қысқаша мәлімет
Сәукеле — келіншек киімі. Ол тек бас киім емес, сән-салтанаттың, салт-дәстүр мәдениетінің және шеберліктің озық үлгісі, нағыз өнер туындысы.
Сәукеле көбіне мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеледі. Оқамен оюланып, түрлі-түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленеді. Алдыңғы бөлігі көзді тастармен көмкеріліп, алтын-күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады.
Тарихи дерек
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған.
Дерек: М. Ж. Көпеев
Әдет бойынша оң жақта отырған, әлі құда түспеген қызға сәукеле кигізілмейді.