Сабақтың тақырыбы. Сабақ көрнекілігі

Сабақтың тақырыбы

С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі

Білімдік-танымдық мақсат

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, өлең мазмұнын түсіндіру; мәнерлеп оқуға төселдіру; астарлы мағынасын ашу.

Тәрбиелік мақсат

Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу; адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Түйінді ой айтуға, ойды қорытып жеке пікір білдіруге жетелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі

Ізденіс, ұжымдық және шығармашылық сабақ.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Интертақта
  • Постер
  • Құмсағат
  • Слайдтар
  • Электронды оқулық

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Оқушыларды түгелдеу.
  • 2 Оқушыларды топқа бөлу.
  • 3 Оқушы назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

1-слайд А. Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңін жатқа сұрау.

3) Жаңа сабаққа кіріспе (ізденіс бағыты)

Жиналған деректер

2-слайд

Тақтадағы суретке назар аударту, тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қою.

Тақырыпты тіркеу

3-слайд

Жаңа тақырыпты дәптерге жаздыру.

Ақын тұлғасы

С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу (электронды оқулықпен жұмыс).

Өлеңнің шығу тарихы

6-слайд 1914 жыл

1914 жылы Сұлтанмахмұт қазақ жастарын оқу-білімге шақыру мақсатында «Шоң серіктестігін» құру үшін Павлодар маңындағы Шорман ауылына келеді. Сол жерде кейбіреулер ата-тегінің патша әулетінен алған шен-шекпендерін көрсетіп, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін мақтанышпен танытады. Бұл әрекетті жақтырмаған ақын осы оқиғаға орай «Бір адамға» өлеңін жазады.

Музыкалық тыңдалым

7-слайд

Мұса Байжанұлының «Ақсиса» әнін тыңдату арқылы Шорман әулетінің озбырлығын тереңірек ашу.

Тектік байланысқа назар

8-слайд

Ақынның тегін тарата отырып, Шорман әулетімен немере туыс екеніне тоқталу.

Шоң, Шорман едік,

Бір-бірімізге қорған едік.

Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары

Бұтағына келіп қонған едік.

Мәтінмен жұмыс: өлеңді талдау

Мәнерлеп оқу және түсіну

9-слайд
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Өлеңге неше кейіпкер қатысады?
  • «Шал» сөзі кімнің атынан баяндалады?
  • Ақынның ішкі ойы мен монологы қай тұста сезіледі?
  • Өлең кімге арналды?

Негізгі тұжырымдар

Өлеңнің мазмұны

Ел ішіндегі бір адамның өзгелерге жасаған озбырлығы мен қиянаты батыл әшкереленеді.

Өлеңнің идеясы

Автор адалдыққа, еңбексүйгіштікке, нәсіпті адал жолмен табуға үндейді.

Көркемдік құралдар

  • Ирония (мысқыл).
  • Сатира (әжуа).
  • Сөздікпен жұмыс.

Топтық жұмыс

Тапсырмалар

  • 1 RAFT әдісі.
  • 2 Сурет бойынша: оқушы оқығанын постерге бейнелеу.
  • 3 Сатылай кешенді талдау.
  • 4 Үш топқа ортақ: «Синквейн» әдісі.

Бекіту және бағалау

Бекіту: «Ортадағы қаламсап» тәсілі арқылы ойды жинақтау, дәлелдеп сөйлеу.

Үй тапсырмасы

  • «Бір адамға» өлеңін жаттау.
  • «ХХ ғасыр ақынына айтарым бар» тақырыбында ой-толғау жазу.

Бағалау: сабақтағы белсенділік, дәлелді жауап, топтық жұмысқа үлес бойынша жүргізіледі.

Қорытынды

Мұғалім сөзі: Абай ұстанымын арқау етіп, бүкіл қазақ жастарын оқу-білімге шақырған С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын бір сағатқа сыйдыру мүмкін емес. Дегенмен, бір ғасырдың негізгі шындығын бір өлеңге сыйдырған, өмірден өте ерте кеткен талантты ақынның шығармасынан бір парақ ашқандай болдық.