Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Гимнастикалық жаттығулар, «Акробатикалық жаттығулар»
Өтетін орны
Спорт залы
Мақсаты
- Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.
- Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
- Ептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар
- Гимнастикалық төсеніштер
- Ысқырғыш
- Мультимедиялық тақта
- Қосымша құралдар (қажетіне қарай)
Әдісі және түрі
- Әдісі: түсіндірме, практикалық
- Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың құрылымы
Төмендегі жоспар сабақтың үш негізгі кезеңін қамтиды: ұйымдастыру, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Әр кезеңде қауіпсіздік техникасын сақтауға және қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Ұйымдастыру бөлімі
10–12 минут
- Сапқа тұру.
- Мәлімдеме қабылдау, түгендеу.
- Саптық жаттығулар.
- Алаңда жүру және жүгіріп өту, денені қыздыратын әртүрлі жаттығулар орындау.
- Орнында тұрып орындалатын жаттығуларды «Қара жорға» би қимылдарымен көрсету.
Негізгі бөлім
20–25 минут
- Сапқа тұру.
- Жаңа сабақты түсіндіру: тақырып пен мақсатымен таныстыру.
- Көрнекі суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
- Оқушыларға жаттығуларды орындату.
- Сұрақ-жауап арқылы түсінуді нақтылау және қауіпсіз орындауды қадағалау.
Акробатикалық жаттығулар кешені
Жаттығуларды орындау кезінде қимылдың дәлдігіне, жұмсақ қонуға және төсенішті дұрыс пайдалануға назар аударылады.
1-жаттығу
Аяқты алшақ қойып тұрған қалыптан алға домалап түсу.
2-жаттығу
Алға домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу.
3-жаттығу
Қолды тіреп отыру және төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
4-жаттығу
Артқа домалап, жаурынға тұру.
5-жаттығу
«Қарлығаш» бейнесін жасау.
6-жаттығу
«Көпір» жасау.
7-жаттығу
Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу.
8-тапсырма
«Акробатикалық эстафеталар» ойыны.
Қорытынды бөлім
5 минут
- Сапқа тұру.
- Үй тапсырмасы: «Акробатикалық жаттығулардың түрлерін орындау».
- БҮҮ стратегиясы бойынша бағалау.