Алтын әтеш
Сабақтың тақырыбы
Қазақ әдебиеті (5-сынып): Александр Сергейұлы Пушкин ертегілері
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- «Алақан»
- «Бағдаршам»
Көрнекіліктер
Автор портреті, иллюстрациялар, кестелер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға А. С. Пушкин ертегілері туралы түсінік беру; кітапқа және әдебиетке қызығушылығын ояту; таным көкжиегін кеңейту.
Тәрбиелік
Қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, қанағатшылдыққа, уәдеге беріктікке, адалдық пен әділеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту; өз пікірін дәлелдеуге, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақ барысы
Төмендегі жоспар сабақтың кезеңдерін минуттық мөлшермен көрсетеді.
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут- Сәлемдесу.
- Сыныпты түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- «Алақан» жаттығуы.
Өткен сабақты еске түсіру
5 минут«Сен Пушкинді қаншалықты білесің?» айдары бойынша қысқа сұрақ-жауап:
Пушкин қай жылы және қай қалада дүниеге келді?
1799 жыл, Мәскеу.
Әкесінің есімі кім?
Сергей Пушкин.
Әжесінің есімі кім?
Мария Алексейқызы.
Күтушісінің есімі кім?
Арина Радионқызы.
Отбасында қай тілде сөйлескен?
Француз тілінде (анасы Надежда Осипқызы француз тілін еркін меңгерген).
Пушкин қай кезден өлең жаза бастады?
Сегіз жасынан деген дерек бар; өзі он үш жасынан бастағанын айтады.
Орысша жазуды кім үйретті?
Әжесі Мария Алексейқызы.
Ертегілерді кім оқып берген?
Ағасы Никита және күтушісі Арина Радионқызы.
Сүйікті жыл мезгілі қайсы?
Күз.
Кітапханасында қанша кітап болған?
3560 кітап.
Қай жылы және қай қалада қайтыс болды?
1837 жыл, Санкт-Петербург.
Жаңа сабақты түсіндіру
5 минутЕртегі дегеніміз не?
Қиял-ғажайыптан туған халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
Халықтық ертегілерге мысал
«Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз» және т.б.
Әдеби ертегі дегеніміз не?
Авторы белгілі ертегі.
Халықтық және әдеби ертегінің ұқсастығы
Таңғажайып оқиғалардың орын алуы; кейіпкерлердің шытырман оқиғаларды бастан кешуі; жауыздықпен алысып, кедергілерге қарсы тұруы; ақырында жақсылықтың жамандықты жеңуі.
Түсінгенін тексеру
8 минутОқушыларға алдын ала дайындық ретінде ертегілердің мазмұнымен танысып келу тапсырылған. Мұғалім кейіпкерлерді атайды, оқушылар ертегіні табады.
Көк теңіз, шал мен кемпір, балық, астау
«Балықшы мен балық»
Патша, данышпан, әтеш, ханшайым
«Алтын әтеш туралы ертегі»
Ескерту
«Балықшы мен балық» ертегісі 1833 жылы жазылған; «Алтын әтеш туралы ертегі» 1834 жылы жазылған.
«Балықшы мен балық» ертегісі бойынша сұрақтар
Көк теңіз жағасында шал мен кемпір қанша жыл өмір сүрді?
33 жыл.
Шал қандай балық аулады?
Алтын балық.
Алтын балық қармаққа нешінші рет ілікті?
Үшінші рет.
Алтын балық шалдан қандай өтініш айтты?
Өзін теңізге жіберуді өтінді.
Кемпір кім болғысы келді?
Ақсүйек, патшайым, теңіз әміршісі.
Ақсүйек болған кемпір шалын қай жұмысқа жұмсады?
Атқораға, жылқы бағуға.
Талдау сұрақтары
- Шалдың теңізге әр барған сайын теңіздің қалай өзгеретінін мәтіннен тауып, мәнерлеп оқыңдар.
- Неліктен теңіз беті өзгеріп отырды? (Алтын балықтың қарсылығы мен ашуы толқын арқылы көрінеді.)
- Кемпір не үшін жазасын алды? (Тойымсыздық, қанағатсыздық, байлыққұмарлық.)
- Ертегідегі балықтың ерекшелігі неде? (Алтын болуы, адам тілінде сөйлеуі, арманды орындауы.)
«Алтын әтеш туралы ертегі» бойынша сұрақтар
Басты кейіпкерлер кімдер?
Дадан патша және алтын әтеш.
Оқиға қай жерде өрбиді?
Нақты оқиға орны көрсетілмейді: «беріде емес, әріде» деген шартты кеңістік. Бұл — кез келген елде, кез келген адамның басында болуы мүмкін жағдай.
Дадан патшаға алтын әтеш не үшін қажет болды?
Елін жаудан қорғау үшін.
Данышпан не үшін әтеш сыйлады?
Әтеш орыс халқында сәттілік, бақыт, байлық және ақылдың нышаны ретінде көрініс табады.
Патшаның уәдесі (мәні)
Дадан патша данышпаннан «қалағаныңды берем» деп уәде етеді.
Алтын әтештің міндеті қандай?
Жау жақындағанын хабарлау, патшалықты қарауылдау.
Әтеш орнатылған соң қанша уақыт тыныштық орнады?
Бірнеше жыл: «Бір жыл өтті, екі жыл…» деп беріледі.
Шамахан ханшайымы неге теңеледі?
Күнге.
Ханшайымды әкелгенде халық қалай қарсы алды?
Қала сыртына шығып, дулап-шулап қарсы алды.
Данышпан уәденің өтеуіне не сұрады?
Шамахан сұлуын сұрады.
Дадан патша қалай қаза болды?
Алтын әтеш ұшып келіп, патшаның басына қонып, тұмсығымен шоқып өлтіреді.
Неліктен жазасын алды?
Уәдесінде тұрмады, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермеді.
Ойтолғау
«Нағыз патша қандай болуы керек?» — оқушылардың пікірі тыңдалады.
Сергіту сәті
3 минутЕреже: Пушкин ертегісінің кейіпкері аталса — қол соғамыз. Өзге ертегі кейіпкерлері аталса — аяғымызбен еденді тақылдатамыз.
Карточкамен жұмыс
5 минут1) Кейіпкерлерді ертегімен сәйкестендір
«Балықшы мен балық»
Шал, Кемпір, Алтын балық
«Алтын әтеш туралы ертегі»
Дадан патша, Алтын әтеш, Шамахан ханшайымы
2) «Балықшы мен балық» ертегісіндегі артық кейіпкерлерді белгіле
Шал, кемпір, алтын әтеш, Дадан патша, алтын балық, Ұйқыдағы ару.
3) «Алтын әтеш туралы ертегі» ертегісіндегі артық кейіпкерлерді белгіле
Дадан патша, Балда, Салтан патша, Шамахан ханшайымы, данышпан, алтын әтеш.
4) Қасиеттердің антонимдерін жаз
Жақсылық — Жамандық
Еңбекқор — Еріншек
Адал — Арам
Жауапкершілік — Жауапсыздық
Батыл — Жасық
Достық — Қастық
Ақылды — Ақымақ
5) «Балықшы мен балық» ертегісінде кездеспейтін бұйымдарды белгіле
Ау, жіп, ожау, құмыра, астау, сағат, жүзік, білезік, шәйнек, айбалта.
Сәйкестендіру: «Балықшы мен балық» кейіпкерлерінің сөздері
Кемпір
«Балықтан барыпсың да үй алыпсың, ақымақ, миың ашып, кеткен шіріп. Ізіңмен, үйге кірмей, қайт балыққа! Қадірсіз мұжық деген ат халыққа.»
Шал
«Кемпірім ұрсып, әбден мазам кетіп, жаңа астау сұрайын деп келдім, тақсыр!»
Балық
«Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал, бар болса — не қажетің менен алып!»
Сәйкестендіру: «Алтын әтеш» кейіпкерлерінің сөздері
Данышпан
«Мынау алтын әтешім! Қондыр сырық басына, қой сарайың қасына — болар мықты күзетшің.»
Алтын әтеш
«Кіри-ку-ку, жат, ханым! Жатып жұртты бақ, ханым!»
Дадан патша
«Екі азамат, сұлтаным! Екі лашын-сұңқарым! Ауға түскен, алданған. Маған күйік! Маған дерт! Маған өлім! Маған мерт!»
Ескерту: Бұл тапсырмада сөздерді кейіпкерге сәйкестендіру арқылы мәтінді түсіну мен дәлелдеу дағдысы бекітіледі.
Кейіпкерлерге мінездеме
5 минутКемпір
Мейірімсіз, тойымсыз, қанағатсыз, рахымсыз, қызғаншақ, дөрекі, байлыққұмар.
Шал
Жуас, мейірімді, жасық, батылдығы төмен.
Алтын балық
Мейірімді, әділетті.
Дадан патша
Уәдеге берік емес, қатыгез, ызақор, қызғаншақ, дөрекі.
Қорытынды
3 минутБүгінгі сабаққа «алтын балық» бейнесі арқылы арман мен тілек тақырыбы енгізіледі. Мұғалім әр оқушыға «алтын балық» үлгісін таратады: оқушылар балықтың артына тілегін жазып, теңіз бетіне (ортақ плакатқа) жапсырады.
Бағалау
3 минутОқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлелі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
2 минутА. С. Пушкин ертегілерінің бір ерекшелігі — өлеңмен жазылуы. Өлеңмен ертегі құрастыру оңай емес, өйткені жолдар ұйқасып, ой тұтастығын сақтауы керек. Үйден асықпай, өлеңмен шағын ертегі құрастырып келіңдер.
Рефлексия («Бағдаршам»)
3 минутҚызыл түс
Мен өте жақсы жұмыс жасадым. Өзіме сеніп, бойымдағы күшімді қолдана білдім.
Сары түс
Мен жұмыс жасағым келді, бірақ бүгін менің күнім болмады.
Жасыл түс
Мен жақсы жұмыс жасадым, бірақ қорқыныш болып, өзіме толық сенбедім.
Автор туралы мәлімет
Аймақ
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылы.
Мектеп және мұғалім
Жалаулы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Бектұрған Айнұр Бақытжанқызы.