Абыройды жасыңнан сақта

Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы

Бұл сабақ «Өзін-өзі тану» пәні аясында 7-сынып оқушыларына арналып, абырой ұғымын «Дұрыс әрекет» құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіруге бағытталған.

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

  • Өзіне-өзі сенімді болу
  • Әділеттілік
  • Ұқыптылық
  • Әдептілік

Сабақтың мақсаты

Абыройлы болу үшін «дұрыс әрекет» құндылығының мағынасы мен өмірлік маңызын ұғындыру.

Міндеттері

Білімділік

Өзіне-өзі сенімді болуға үйрету.

Дамытушылық

Қоғамда әділетті болуға баулу.

Тәрбиелік

Қарым-қатынаста ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

  • Жағымды күйге ену
  • Нұрға бөлену

2) Үй тапсырмасын тексеру

Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлеңінен берілген жолдарды жатқа айту.

3) Дәйексөз

Қазақ мақалы

«Абырой — ар еңбегі».

Талқылау сұрақтары

  • 1 Дәйексөзді қалай түсінесің?
  • 2 Абырой дегеніміз не?
  • 3 «Ар» ұғымын қалай түсінесің?

4) Әңгімелесу

Адам өмірінің мәні мен ар-ұят, абырой ұғымдарының байланысы туралы ой қозғау.

Сұрақтар

  • 1 Адам не үшін өмір сүреді?
  • 2 Мәлік (Момышұлы) бұл сұраққа қалай жауап берді?
  • 3 «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» деуінің себебі неде?
  • 4 Өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруын қалай түсіндіресің?
  • 5 Өзің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырар едің?
  • 6 Азамат болу — абыройлы болу ма? Неліктен?

5) Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма

Мақал-мәтелдерді оқып, талда. Олардың негізінде «абырой» ұғымына анықтама құрастыр.

  • «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді. Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді».
  • «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік».
  • «Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер».
  • «Адамгершілік абырой әперер».
  • «Абыройды жастайыңнан сақта!»

2-тапсырма

Төмендегі ой-тұжырымды оқып, «абырой» туралы өз қорытындыңды жаз.

Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жүрген адамды әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға салсаң, қапысыз іс те, қатесіз сөз де болмайды дейді. Ал сөзі де, ісі де көңілге қонбаған адамның соңынан адам түгілі мал да ермейді. Меніңше, бұл заман ақылдан бұрын абыройды сұрайды. Қазір абыройдың да аты өзгергендей: оны бүгінде «бедел» деп атайды. Бедел дегенің — үйіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты: көбіне дәулетті, сорпа-суы мол кісіге бітетіндей.

Жазылымға бағыт

  • Абырой мен беделдің айырмашылығын өз сөзіңмен түсіндір.
  • Абыройға жеткізетін 2–3 дұрыс әрекетті ата.