Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу

Мақсат

Оқушыларды ана тілін сүюге, оны қадірлеуге және құрметтеуге баулу. Тілдің құдіреті мен қасиетін танытып, тіл мәдениетін қалыптастыру.

Кештің ашылуы

Жүргізуші 1

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасындағы Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін тіл мерекесіне арналған «Қазақстан – достық мекені» фестиваліне қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өмір сүреді. Әр халықтың тілі — қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды әуезге бай; ұлттың үні мен әні болып, шалқар дариядай тасқындайды.

Әбділдә Тәжібаев:

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім — мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

Бұл — тілдің қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті екенін айғақтайтын ой.

Бүгінгі «Қазақстан – достық мекені» атты мерекелік кешіміздің ашылу салтанатында құттықтау сөз мектебіміздің директорына беріледі.

(Директордың аты-жөні осы жерге енгізіледі)

Туған жер туралы жыр

О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын,

Тамсанамын, қарап тұрып әрдайым.

Қазақ деген халықтан шыққан балаң —

Нәр аламын Жер-анаңнан, дариям.

Ел бірлігі — ең асыл құндылық

Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық — ең алдымен өзімізге қажет. Көпұлтты мемлекеттің баянды дамуының бір тірегі — Қазақстан халықтарының бірлігі.

Ендеше, әр ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз.

Қатысушы сыныптар мен ұлт өкілдері

  • Қазақ ұлты — 2 «А» сынып
  • Орыс ұлты — 4 «Ә» сынып
  • Өзбек ұлты — 1-сынып
  • Түрік ұлты — 5-сынып
  • Үнді ұлты — 4 «А» сынып
  • Грузин ұлты — 10-сынып
  • Қытай ұлты — 6-сынып
  • Армян ұлты — 2 «Ә» сынып
  • Татар ұлты — 3-сынып
  • Украин ұлты — 8-сынып
  • Шешен ұлты — 7-сынып
  • Әзірбайжан ұлты — 9-сынып

Мемлекеттік рәмізге құрмет

Батырлыққа уызынан жарыған, Ер қазақты жалауынан таныған. Өзі батыр, өзі әнші халыққа — Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының Әнұраны Орындалады

Қазақ тілі — мемлекеттік тіл

Еліміздің мемлекеттік тілі — қазақ тілі екені баршамызға аян.

Қадыр Мырзалиев жырлағандай:

Қазақ осы — айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол көл-көсір.

Қазақ осы — аңғал-саңғал, жабусыз,

Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы — өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба — жатырқауды білмейтін.

Ұлы қазақ даласында өзге ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны — бәріміз үшін мақтаныш. Ендеше, қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар.

Ұлттар шеруі: өнер мен достық

Өзбек ұлты

Ақ мақтаның мекені, көңілі болған қарлы шың. «Өз ағам» деп еркелер — өзбек ағам, армысың!

Ортаға өзбек ұлтын өз өнерімен қошеметтеп шақырамыз.

Грузин ұлты

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Келесі кезекті грузин ұлтының өнеріне береміз.

Армян ұлты

Жер-ана бәрімізге кең құшағын ашады. «Бейбітшілік» деген сөз барлық тілде жаңғырады.

Ортаға армян елінен келген қонақтарымызды шақырамыз.

Корей ұлты

Елім менің — жарқыраған, жайнаған, Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған. Қыран құсы көгінде мың самғаған — биіктігі асқақ, айбыны асқан.

Ортаға корей елінің өнерін тамашалаңыздар.

Орыс ұлты

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден, Достығымыз ғасырларға жарасқан. Туған елім — шарықтай бер, кемелден!

Келесі кезекте орыс ұлтының өнерін тамашалаңыздар.

Украин ұлты

Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы.

Ендеше, республикамыздың тағы бір өкілі — украин ұлтының өнерін тамашалауға шақырамыз.

Татар ұлты

Тілі бөлек болғанмен, тілегіміз бір. Ұлы достық мәпелеген жүрек гүлі — ортақ қуанышымыз. Қазақстан — бар ұлысқа ортақ шаңырақ, шаттығымыздың берік тірегі.

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Ендеше, ортаға татар ұлтының өкілдерін шақырамыз.

Қорытынды үндеу

Бейбітшілік — әніміз. Бауырласпыз бәріміз. Қазақстан даласында жарасады сәніміз.

Ұлы Отан аясында жадырайды жанымыз. Қазақстан — достық мекені.