Негіздер жай заттар
Сабақтың тақырыбы
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қолданылуы және химиялық қасиеттері.
Оқыту мақсаты
Білімділік
Қышқылдардың құрамын, алынуын және жіктелуін түсіндіру. Химиялық және биологиялық тұрғыдан тірі табиғаттағы қышқылдардың маңызын, емдік қасиеттерін және тұрмыста қолданылуын кеңейте қарастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру, қиялы мен қабылдауын дамыту; қоршаған құбылыстарды бақылауға, салыстыруға және талдауға үйрету.
Тәрбиелік
Бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, құрметтеуге және әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Демонстрациялық сабақ.
Сабақтың әдісі
Интерактивті оқытудың кешенді әдісі.
Көрнекілік және құрал-жабдықтар
-
Интерактивті тақта.
-
Active Studio бағдарламасының кітапхана қорындағы суреттер.
-
Виртуалды зертхана материалдары.
-
Тірек-сызба слайды.
-
Табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон, сүт/айран, сірке суы.
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
1-қадам -
Графикалық тест
2-қадам -
Сергіту сәті
3-қадам -
Мағынаны тану
4-қадам -
Кім зерек?
5-қадам -
Химия барлық жерде
6-қадам -
Үйге тапсырма
7-қадам -
Бағалау
8-қадам
1-кезең: Графикалық тест
Үй тапсырмасы «Негіздер» тақырыбы бойынша тест арқылы тексеріледі. Оқушылар дұрыс жауаптарға сүйене отырып, бірін-бірі тексеріп, білімдерін бағалайды.
1. Негіздер үш топқа жіктеледі.
Иә
2. Оттекті, оттексіз.
Жоқ
3. Суда еритін негіздер — сілтілер.
Иә
4. Екі элементтің біреуі оттегі болып келетін қосылыстар.
Жоқ
5. Негіздер — жай заттар.
Жоқ
6. Күйдіргіш қасиеті бар.
Иә
7. Сілтілер қышқылдармен әрекеттеседі.
Иә
8. Тұздармен әрекеттеседі.
Иә
9. Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады — алмасу реакциясы.
Жоқ
10. Негіздер — металл атомымен бір немесе бірнеше гидроксо-топтар байланысқан күрделі заттар.
Иә
2-кезең: Мағынаны тану
Негізгі анықтама
Қышқылдар — құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдары және қышқыл қалдықтары болатын күрделі заттар.
Ескерту: оқушылар жұмыс дәптеріне анықтаманы жазып алады.
Негізгі белгілері
- Қышқыл дәм.
- Күйдіргіш қасиет.
Қышқылдар, олардың жіктелуі және индикаторларға әсері бейнебаян арқылы түсіндіріледі.
Материалдың толық нұсқасы
Толық нұсқасын жүктеу.