Шаруасы шалқайған шағын үйдің, Шаңырағына шаншылдық уық болып

Мұқағали Мақатаев

Көктем кетті, күз, міне, жуықтады,
Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы?
Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда
Қырықыншы жылдардың суықтары?
Туылып ек айлар caп арамызға,
Айлар салып, әріге барамыз ба?!
Бұйырмасын түсінсем., осы біздер,
Шыныменен біреуге ағамыз ба?!
Кеше еді ғой, құдай - ау, кеше еді ғой,
Дүйсенбінің мына дәу шешегі ғой!
Мынау - әзер қаз басқан төрт жасында,
Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой.
Тағдыр бізден бәрін де аямаған:
Жылатқан да жұбатқан, аялаған,
Ата қаздан айрылған балапан ек,
Аспан асты, жер үстін саялаған.
Арманымыз жұлдызға жуық болып,
Апыл - тапыл күн кештік суып, тоңып.
Шаруасы шалқайған шағын үйдің,
Шаңырағына шаншылдық уық болып...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Ғаламның тілідік бейнесіңдегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Қазақ халқының үй жиһаздары мен материалдық мәдениеті
Киіз үй құрылысы
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері
Шағын безнесі дамытудағы шетелдік тәжірибе
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
Азаматтық және еңбек құықтары
Сауықтырудың көп таралған түрлері
Қазақстан Республикасының БҰҰ –ға мүше болып қабылдануы
Киіз үйдің жасау-жиһазы
Шағын бизнестің атқаратын қызметі
Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.