Кімнің қай шығармасынан

«Алтын көмбе» зияткерлік ойыны

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, олардың ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту; ана тіліне құрметін арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, әдебиетке қызығушылығын күшейту және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», — деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, еліміздің болашағы — білімді жастар. Осы мақсатта 5-сынып оқушылары арасында «Алтын көмбе» ойынын өткіземіз.

Ұйымдастыру тәртібі

  • Алдымен қатысушы оқушылар таныстырылады.
  • Келесі кезекте сайыстың әділқазылар алқасы таныстырылады.
  • Ойын 6 бөлімнен тұрады.
  • Асық иіріледі: қай топтың асығы алшы түссе, сол топ ойынды бастайды.

Бөлімдер

I
Табалдырық
II
Әудемжер
III
Қозыкөш
IV
Беласар
V
Жолайрық
VI
Алтын көмбе

I. Табалдырық

Бұл бөлімде сұрақтар қазақтың 12 жылдық мүшел атаулары (хайуанаттар мен жан-жануарлар) тақырыбы аясында беріледі. Екі топ 6 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

Сұрақтар (1–6)

  1. Құранда неше сүре бар? Жауап: 114
  2. «Маса» жинағының авторы кім? Жауап: А. Байтұрсынұлы
  3. Ы. Алтынсарин 4 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? Жауап: атасы Балғожа бидің
  4. «Шілде», «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңдері және «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының авторы кім? Жауап: С. Торайғыров
  5. А. Байтұрсынұлы «Қырық мысал» жинағын кімнен аударды? Жауап: И. А. Крылов
  6. Абайдың әжесінің аты кім? Жауап: Зере

Сұрақтар (7–12)

  1. Шалқұйрық — қай кейіпкердің аты? Жауап: Ер Төстік
  2. «Жауынгер ақын» деп кімді айтамыз? Жауап: Махамбет Өтемісұлы
  3. Желмаямен желіп жүріп Жерұйықты іздеген кім? Жауап: Асан қайғы
  4. Байдалы би Шоқанның атасы Уәлиханның үйіне не үшін келді? Жауап: Айғанымға көңіл айтуға
  5. Ә. Тәжібаевтың әдеби ертегісін атаңыз. Жауап: «Толағай»
  6. Абайдың туған жері қай өңір? Жауап: Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері

II. Әудемжер

Бұл бөлімде қазақтың салт-дәстүрлері бойынша 10 сұрақ беріледі. Екі топ сұрақтарға кезекпен жауап береді.

Дәстүрлер мен ұғымдар

  1. Иткөйлек деген не?
    Бала туғанына 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Сол кезде сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Балалар итті қуып жетіп, иткөйлекті шешіп алып, тәттісін бөліседі.
  2. Бастаңғы дәстүрі нені білдіреді?
    Үйдің үлкендері жолға кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолы жеңіл болсын» деген ниетпен ойын-сауық құрады.
  3. Аманат деген не?
    Бір адамның екінші адамға сақтауға берген заты. Аманатты сақтау және уақытында қайтару — адамгершіліктің белгісі; аманатқа қиянат жасауға болмайды.
  4. Шалап деген не?
    Шөл қандыру үшін ашыңқыраған айранға су қосып ішетін сусын.
  5. Ерулік деген не?
    Жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыру дәстүрі.

Жалғасы

  1. Бәсіре деген не?
    Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп берілетін, ен салынған мал.
  2. Шарғы деген не?
    Ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі.
  3. Алланың алдындағы 5 парызды атаңыз.
    1. Иман
    2. Намаз оқу
    3. Ораза ұстау
    4. Садақа беру
    5. Қажылыққа бару
  4. Көкпар қандай ойын?
    Қазақтың ұлттық ойыны. Ат үстіндегі жігіттердің күшін, ептілігін және шеберлігін көрсететін сайыс.
  5. Асар салтының мағынасын түсіндіріңіз.
    Асар — көпшіліктің бірігіп, ұжым болып жұмыс істеуі. Бұл дәстүр «көптің көмегі — көл» қағидасын танытады.

Айдар: «Сиқырлы сандар»

Бір оқушы сан таңдайды. Таңдалған санға сәйкес ұяшықтан шыққан сыйлыққа ие болады.

III. Қозыкөш

Қазақ тілі — әлемдегі бай әрі бейнелі тілдердің бірі. Тіліміздегі ерекше өрнектің бірі — тұрақты сөз тіркестері. Бұл кезеңде екі топ кезекпен жауап беріп, тұрақты тіркесті тауып, мағынасын түсіндіреді.

Тіркестер (1–5)

  1. Тон, ішік, шидем, шапан — қашу
    «Ат тонын ала қашу» — мойындамау.
  2. Қара, сары, ақ, қоңыр — жару
    «Қара қылды қақ жару» — әділ болу.
  3. Аяғы, қолы, салы, аузы — су
    «Салы суға кету» — ұнжырғасы түсу.
  4. Қол, дене, бас, бет — от
    «Бетінен оты шығу» — ұялу.
  5. Сүйек, тері, қаңқа, ет — қаптау
    «Ит терісін басына қаптау» — ұрысу, сөгу.

Тіркестер (6–10)

  1. От, күл, шала, қоламта — ұшыру
    «Күлін көкке ұшыру» — жоқ қылу.
  2. Ат, жылқы, мал, қой — із
    «Ат ізін салмады» — келмеу, хабар алмау.
  3. Шапан, тон, ішік, тақия — бау
    «Тонның ішкі бауындай» — өте жақын, етене.
  4. Қабақ, кірпік, қарашық, көз — ашық
    «Көзі ашық» — оқыған, көкірегі ояу.
  5. Тіс, тіл, жақ, ерін — батыру
    «Тісін батыру» — жәбірлеу, қорқыту.

IV. Беласар

Бұл кезеңде шығармалардан үзінділер оқылады. Қатысушылар үзіндінің авторын, шығармасын және кейіпкерін анықтайды.

Үзінділер мен жауаптар

  1. «Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің, құстың жаманын таба алмаған екенсіздер. Шөптің жаманы — қара қоға, құстың жаманы — сауысқан еді».

    Жауап: Аяз би

  2. «Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны — өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды».

    Жауап: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі

  3. «Қара қасқыр баланы жеуге құмартып, сілекейін шудадай созып, тілі аузына сыймайды».

    Жауап: «Сырттандар» ертегісі

  4. «Шешемнің құрсағында жүрген кезімде, әкемнің әкесінің жылқысын он бес жыл бағыппын».

    Жауап: «Қырық өтірік» ертегісі, Тазша бала

  5. «Қаралы хабар айтушының жазасы — өлім. Бірақ Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына қобыз емес пе еді саған азалы хабарды жеткізген!»

    Жауап: Кетбұға күйші

  6. «Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған...»

    Жауап: Ы. Алтынсарин, «Өзен» өлеңі

  7. «...Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па?»

    Жауап: Жиренше шешен

  8. «Құйды жаңбыр сел боп ақты, Күн күркіреп шатырлатты...»

    Жауап: Ә. Тәжібаев, «Толағай» әдеби ертегісі

  9. «Өгізді суға тойған Бақа көрді... Боламын сонау мен де өгіздей деп...»

    Жауап: А. Байтұрсынұлы, «Өгіз бен Бақа»

  10. «Сені көлден айырған Лашын құстың тепкіні. Мені елден айырған Хан Жәңгірдің екпіні».

    Жауап: М. Өтемісұлы, «Қызғыш құс»

V. Жолайрық

Бұл кезеңде екі топқа жұмбақ пен мақал беріледі. «Бұл не?» айдарында әріптерді құрастырып, жұмбақты шешу қажет. «Мақалды тап» айдарында әріптерді түсіріп отырып, мақалдың дұрыс нұсқасын табады.

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.

Шешуі: Қалам

Мақал

Мектеп — кеме,
білім — теңіз.

VI. Алтын көмбе

Бұл кезеңде қатысушылар сандықтан бір сұрақ алып, дауыстап оқиды. Сұрақ: халық ауыз әдебиетінің түрлерін атап, қысқаша түсіндіріп береді.

Халық ауыз әдебиетінің түрлері

  • Тұрмыс-салт жырлары
  • Ертегілер
  • Мақал-мәтелдер
  • Жұмбақтар
  • Шешендік сөздер
  • Аңыз әңгімелер
  • Батырлар жыры
  • Ғашықтық жырлар
  • Ақындар айтысы және т.б.