Ғажайыптар әлемі
География және әлем
Мақсаты — оқушылардың географиядан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту. Пәнге деген қызығушылықты арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жоспар
- Таныстыру
- Бәйге
- Ғажайыптар әлемі
- Адасқан нысандар
- Картографтар сайысы
- Географиялық лото
Білім — биік шың, бақытқа сені жеткізер.
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыздар, құрметті қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «География және әлем» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпаз болу шарт.
Еңбек етіп жалықпай, сәтті сапар тілейміз.
Сайысты бастайық — өнер көрсетіңдер, жасқанбаңдар!
Сайыскерлер ортаға шықсын. Қол соғып қарсы алайық! Ал, сөз кезегі сайыскерлерге беріледі.
І тур — Таныстыру
Әділқазылар алқасынан таныстыру кезеңіне берілетін ұпай санын нақтылап алайық.
ІІ тур — Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар —
Бәйге кезеңін бірге көріңіз!
Ереже
- Әр топқа жеке-жеке 5 сұрақ қойылады.
- Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
- Дайын болсаңыздар, бастаймыз — мұқият болыңыздар.
Сұрақтар топтамасы 1
-
1
Ең кіші материк: Аустралия
-
2
Ең кішкентай құс: Калибри
-
3
Ең кіші мұхит: Солтүстік Мұзды мұхит
-
4
Ең үлкен арал: Гренландия
-
5
Ең терең шұңғыма: Мариан
Сұрақтар топтамасы 2
-
1
Ең тұзды теңіз: Қызыл теңіз
-
2
Ең биікте орналасқан астана: Ла-Пас
-
3
Ең тұзды мұхит: Атлант мұхиты
-
4
Ең терең әрі ең үлкен шатқал: Колорадо
-
5
Жер шарындағы ең биік тау жотасы: Гималай
Сұрақтар топтамасы 3
-
1
Ең ұзын өзен: Ніл
-
2
Ең үлкен түбек: Арабия
-
3
Ең терең шұңғыма: Мариан
-
4
Ең биік шың: Джомолунгма (Эверест)
-
5
Көлемі ең үлкен теңіз: Филиппин теңізі