Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
Барысы
Қадірлі әжелер, армысыздар! Баршаңызға амандық тілейміз. Бүгінгі сәтті күні үлкен-кіші болып бас қосып, төрімізге сән берген ардақты әжелерімізге қош келдіңіздер дейміз.
Кіріспе тілек
Төрлетіңіз, қадірменді әжелер, гүл-гүл жайнасын біздің төріміз!
Әжелеріміздің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп білеміз.
Әжемнің саясында ер жеттім мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды,
Таппаймын айналсам да жер бетінен.
Ендеше, әжелеріміздің қадамы құтты болып, мәртебесі биік болсын деген тілекпен әже мен немерелерін ортаға шақырамыз. (Таныстырып, әже мен немерені төрге жайғастыру.)
I бөлім. «Сәлем — сөздің анасы»
Әже мен немере өздерін таныстырады.
Әженің үйретер өнері көп — ардағы шежіре. Халқымыздың дәстүрі мен өнегесін ұрпағына аманат етер де әжелер.
II бөлім. «Өнерлінің қолы алтын»
Әжелер ою ойып, немерелері алдын ала дайындалған оюды жабыстырып, жұмысын аяқтайды.
Мәнге толы қазағымның ғұмыры — сан асылдың тұғыры. Кеше ғана керексіз көрінген дүниенің өзі — ғажап әдеп пен ғұрыпқа толы.
III бөлім. «Салт-дәстүрді білеміз бе?»
Әжелерге сұрақтар беріледі. Мақсат — әдет-ғұрыптардың мағынасын түсіндіру.
- 1 «Базарлық» дегеніміз не?
- 2 «Тоқымқағар» қалай тойланады?
- 3 «Байғазы» қалай беріледі?
- 4 «Сүндет той» қашан жасалады?
«Кім жылдам?» — оқушыларға сұрақ
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
- Қазақстан Республикасының Әнұранының авторларын ата.
- А. Құнанбайұлының «Адам болам десеңіз» өлеңіндегі 5 жақсы қасиет пен 5 жаман әдетті ата.
- Ең бірінші болып балаларға мектеп ашып, оқуға шақырған кім?
V бөлім. «Өнерлі өрге жүзеді»
Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым аман-сау жүрші!
VI бөлім. «Сыр сандық»
Әжелер бата береді.
Бата — ізгі тілек, ұрпаққа бағыт-бағдар берер рухани мұра.
VII бөлім. «Жүректен жүрекке»
Немерелер әжелеріне ыстық лебізін, алғысын және құрметін білдіреді.
VIII бөлім. Қорытынды
Сайыс қорытындыланып, әжелер марапатталады. Қадірлі әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, береке-бірлік тілейміз.