Бір тамақтың қамын жеп, Ұйқылы - ояу жатқан шақ
Мағжан Жұмабаев
Тай алдында тамылжып,
Тәтті ұйқыға батқан шақ.
Бір тамақтың қамын жеп,
Ұйқылы - ояу жатқан шақ.
Тұра салып төсектен,
Дір қалтырап киініп,
Ойға кірер: Кешікпен,
Уақыт бар ,- деп сүйініп.
Ауыз ашып, қол салып,
Ашылмай жөнді де көзі,
Келгенде қарын құралып,
Көрінді - ау Шолпан жұлдызы.
Жылдам іш ,- деп жымыңдап,
Көз қысуын нетерсің?
Қарбытып іш, тынымдап,
Аштан өліп кетерсің!
Алдына әкеп қатар қой,
Қай сүйгенін таңдасын.
Шай, қымызға әбден той,
Көңілде інкәр қалмасын.
Түндік жабық, от жарық,
Үйге сәуле кірмейді.
Іш, той, ындыныңды жарыт,
Таңды үйден кез көрмейді.
Ораза деген қазаққа
Құлшылық емес, әдет қой.
Еріксіз жүрмей азапта,-
Пайданы ойла, қам ет, қой.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж)
Қазақ ағартушы - философтардың дүниетанымы
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану
Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас
Оспанхан Әубәкіровтің сықақ әңгімелері
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Әуелбек Қоңыратбаев
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Абай Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мәселесі
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
ШӘКЕН АЙМАНОВ
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі