Бердібек Соқпақбаев Компас Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Ана тілі (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев — «Компас»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Компас» шығармасымен таныстыру.
  • Түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; адамгершілікке және достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдістер

Сұрақ-жауап Талдау Іздену Топтастыру «Автордың орындығы»

Көрнекіліктер

Суреттер Кесте Слайд

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, сәлемдесу, сабаққа назар аударту.

Мұғалімнің сөзі

Хош келіпсіздер, ардақты ұстаздар! Кележатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

Сабаққа бағыттау

Балалар, қазір қай пән екенін еске түсіріп жіберейік.

Ана тілім, туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Жарайсыңдар, балалар! Енді 3 топқа бөлініп отырайық.

Топтық жұмыс

Бүгінгі сабақ ерекше, себебі сыныбымызға қонақтар келіп отыр.

II. Мағынаны ажырату

Қонақтарымызға жылы тілектер айтып, күн шуағындай көңіл сыйлайық.

Ой қозғау тапсырмасы

Әріптерді ретімен оқып, құпия сөзді табайық. Уақыт: 2 минут.

(Күн шуағына әріптерді жазу арқылы орындау.)

Нәтиже

Қандай құпия сөз шықты?

«Тәуелсіздік күні»

Сұрақтар арқылы талқылау

  • Жақында қандай мереке болды?
  • Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпақтары — сендерсіңдер.
  • Келешек ұрпақ қандай болу керек?