Ана тілі өлеңім, Тербетеді бөбегін
Музыка жетекшісі
Рахметова Әдемі. Музыка әуенімен балалар залға кіріп, орындықтарының жанына келіп тұрады.
Кіріспе сөз
Жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналған «Менің ана тілім» атты тақырыптық оқуымызды сіздермен бөліспекпіз. Балалар, бір сәт назарымызды экранға аударайық…
Экрандағы көрініс
Тіл туралы слайд көрсетіледі.
Жүргізуші
Балалар, экраннан көрген ұлт өкілдері бізге қонаққа келіпті. Қонақтарды қарсы алайық…
(Залға қазақ, қырғыз, ағылшын, қытай, орыс, өзбек, моңғол костюмдерін киген балалар шығып тұрады.)
Жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, қонақтар, төрлетіңіздер!
(Костюм киген балалар өздері киінген ұлттың тілінде амандасып, орындарына жайғасады.)
Ана тілі туралы арнау
Жүргізуші
Қадірлі, бағасы алтын ана тілі,
Сенімен бағаланған бала түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.Осылай дей келе, бүгінгі оқуымызға арналған балалардың өлеңдерін тамашалайық…
Айбек
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Гауһар
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Алинұр
Сүйемін туған тілді — ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутым сол,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Айдана
Әлдилеген анамның
Аясында шалқыдым.
Ана тілі — өлеңім,
Тербетеді бөбегін.
Бейбарыс К.
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Анамның тілі — әнім.
Жүргізуші
Рахмет, ботақандарым. Адамзат мәдениетінің негізі — тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі — оның ана тілінде. Тіл — қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
Ендігі кезекті келесі балалардың өлең шумақтарына берейік…
Бағжан
Ана тілі — ақылшым,
Асыратын қиядан.
Малтып жүріп тереңін,
Маржандарын теремін.