Жұпты бағалау
Мақсаты
Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелері туралы түсінігін кеңейту, берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету. Мәтін енгізер алдында, ерекшеленген бөлікке және бүкіл мәтінге арналған қаріп түрін және өлшемін таңдауды; абзац параметрлерін, бірінші жол шегінісін баптауды; сызғыш пен табуляцияны қолдануды; мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді меңгерту.
Күтілетін нәтиже
- Мәтінді теруді, мәтін бөліктерін көшіруді және ауыстыруды, мәтінді пішімдеуді үйренеді.
- Редакциялау кезінде қолданылатын пернелер мен командаларды, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқан арқылы мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын меңгереді.
Теория: абзацты пішімдеу негіздері
Егер электронды құжатта тасымалдау (жолды автоматты тасымалдау) орнатылмаса, абзац көбіне сол жақ шетке түзетіледі. Сондықтан тақырып әдетте ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжаттың құрылған мерзімі оң жақ шетке түзетіледі.
Түзету
Мәтінді сол жаққа, ортаға немесе оң жаққа орналастыру.
Жоларалық интервал
Жолдар арасындағы қашықтықты реттеу.
Шегіністер
Сол/оң жақ шеттерді және бірінші жол шегінісін орнату.
Түзетудің түрлері
- Сол жаққа түзету: мәтін жолдың басынан, сол жақта орналасады.
- Ортаға түзету: мәтін ортаға орналастырылады.
- Оң жаққа түзету: мәтін жолдың соңынан, оң жақта орналасады.
Шегіністерді сызғыштағы жүгірткілерді жылжыту арқылы да орнатуға болады.
Сабақ барысы: жоспарланған жұмыстар
Ұйымдастыру
2 минут- Сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Білу деңгейі
5 минут- Үй тапсырмасын тексеру.
- «Өзіңді тексер!» тестін орындату.
Түсіну деңгейі
10 минутМағынаны тану: мұғалім бүгінгі тақырыпты түсіндіреді, абзац параметрлері мен мәтінді пішімдеу құралдарының қолданылуын көрсетеді.
Қолдану деңгейі
12 минут- Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
- Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар (177–178-беттер).
Талдау деңгейі
5 минутОй қозғау сұрақтары арқылы абзацты пішімдеу құралдарын талдау.
- 1 Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.
- 2 Сызғыш не үшін керек?
- 3 WordPad мәтіндік редакторында түзетудің қандай түрлері қолжетімді?
- 4 Табуляция не үшін керек?
- 5 Табуляция позицияларын қалай тағайындаймыз?
Жинақтау деңгейі
5 минут«Өзіңді тексер!» тестін қайта орындату арқылы білімді бекіту.
Бағалау практикасы
2 минутРефлексия: «Бағдаршам» тәсілі
Оқушыларға 3 түсті стикер таратылады. Әр оқушы жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергенін түспен көрсетеді, бағалау тәсілі қысқаша түсіндіріледі.
Топтық бағалау
Топ төрағаларының бағалары тыңдалады, сараланады, соның негізінде оқушылардың сабақтағы жұмысы бағаланады.
- Өзін-өзі бағалау.
- Жұптық бағалау.
Қорытынды рефлексия
3 минутОқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабақ туралы қысқаша пікірлері жиналады.
Үй тапсырмасы
§23. «Мәтінді пішімдеу. Абзац».
Автор туралы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп.
Информатика пәні мұғалімі: Талбаева Асель Аманқосовна.
Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеуге болады.