Мақалды жатқа жаз

Сабақтың тақырыбы

Зат есім (слайд)

Мақсаты

  1. Елестету арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін жетілдіру.
  2. Зат есім туралы білімдерін толықтыру және тиянақтау; өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
  3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Дамыту
  • Іздестіру

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Тілек өлеңі

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бесінші күніміз

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың үй тапсырмасын тыңдап, қысқаша қорытындылау.

Таза жазу минуты

Әріп жазу дағдысын бекіту:

Зз Зз Зз Зз Зз Зз

Ой жұмбақ

Ол аспанда да, жерде де болады. Шөлейт жерлерде де жүреді. Ата-әжелеріңнің қолында да болуы мүмкін. Ол партаның үстінде де жатуы мүмкін. Оны жеуге де болады. Ол барлық адамда болады.

Жауабын табу арқылы жаңа тақырыпқа назар аударту.

1-жаттығу

Мақалды жатқа жаз.

Мақал 1

Ашу — дұшпан, ақыл — дос, Ақылыңа ақыл қос.

Мақал 2

Саусағы ұзын — биші болар, Құлағы ұзын — күйші болар.

Тапсырма

  • Мақалдардан зат есімдерді тап.
  • Олардың негізгі немесе туынды зат есім екенін анықта.
  • Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

2-жаттығу

Мәтінді оқып, жалқы есімдерді теріп жаз.

Шоқан Уәлиханов — ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиһангез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс — аға сұлтан болған адам. Омбыдағы кадет корпусында оқыған. Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында дәрістер тыңдаған. Ф. М. Достоевский, П. П. Тян-Шанский, А. Майков, Г. Н. Потанин және басқа орыс зиялыларымен дос болған. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш зерттеп, әлемге таратқан.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушыларды сергіту.

3-жаттығу

«Екпінділер» сөзінің әріптерін пайдаланып, бірнеше зат есім құрап жаз.

Мысалы: Кірпі, ...

Екпінділер

4-жаттығу

«Мал» сөзінің алғашқы әрпін және «қол» сөзінің соңғы әрпін өзгерте отырып, бірнеше зат есім жасап жаз.

Нұсқа

(мал, қол) → тал, бал, жал, қал, шал, қой

Есте сақтау диктанты

Ақтөс өлке оқушы тігінші өнер тай аққу жаңбыр өшіргіш тауық

6-жаттығу

Әр сөзі «и» әрпімен басталатын зат есімдер тауып жаз.

Қай сөз көп? (жалқы есім бе, жалпы есім бе?)

Сөздер (үлгі)

Жайық, жаңбыр, биші, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол, өлке, бала, оқушы

Талдау

  • Жалқы есімдерді белгіле.
  • Жалпы есімдерді белгіле.
  • Қай топтың саны басым екенін анықта.

Көпше түрдегі зат есімдер

Көпше түрдегі зат есімдерді «сырлы сандыққа» орналастыр.

Берілген сөздер

Көгершіндер, оқушылар, шегіртке, қойлар, балапандар, тақта, ағаштар, құмырсқалар, өшіргіш, сексеуіл

«Сырлы сандық» (көпше түр)

Оқушы таңдаған көпше тұлғалы сөздерді осы жерге жазады.

Сөзжұмбақ

Өтілген тақырыпты бекітуге арналған сөзжұмбақты шешу.

Үй тапсырмасы

  • Зат есімге қатысты ережені қайталау.
  • Сабақтағы үлгі бойынша қосымша 5–7 зат есім құрап жазу.
  • Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратып, дәптерге теріп жазу.