Енгізу операторы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Информатика • 9-сынып • Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Тақырып: Тармақталған алгоритмдер

Сабақтың типі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі

Топтық және жекелей

Әдіс-тәсілдері

Практикалық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Презентация
  • Электрондық оқулық
  • Карточкалар және кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Геометрия
  • Ағылшын тілі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Теориялық білімді жүйелі түрде тәжірибе жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Бағдарламалау тілінде жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілетін және өз білімін сауатты жеткізе білуін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Оқушылардың белсенділігін көтеру, компьютерлік сауаттылыққа баулу, өзара көмек көрсетуге және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.

  2. 2

    Үй тапсырмасын қайталау

    Өткен тақырыпты ойындар мен шағын тапсырмалар арқылы бекіту.

    а) «Лото» ойыны: сұрақтар мен жауаптар

    1) Алгоритм дегеніміз не?
    Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрекеттерді орындау ережесі.
    2) Алгоритм түрлерін ата.
    Сызықтық, тармақталған, циклдік.
    3) Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата.
    Табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде.
    4) Pascal тіліндегі программа неше бөліктен тұрады?
    3 бөліктен тұрады: программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.
    5) Var операторының қызметі қандай?
    Айнымалыларды сипаттау.
    6) Const операторының қызметі қандай?
    Тұрақтыларды сипаттау.
    7) Read операторының қызметі қандай?
    Берілгендерді енгізу.
    8) Write операторының қызметі қандай?
    Нәтижені шығару.

    ә) «Топтастыру»

    Оқушылар интерактивті тақтаға шығып, алгоритм қасиеттерін жазып, топтастырады.

    б) «Ойлан — тап»

    Тақтадағы фотосуретте бейнеленген адамды анықтау тапсырмасы.

    в) «Ішіне — сыртына»

    Кестенің ішіне Pascal бағдарламалау тілінде қолданылатын операторларды, ал сыртына бағдарламалау тіліне қатысы жоқ сөздерді жазыңыз.

    Internet Paint Writeln Readln WordPad Integer Real Microsoft Program Var Excel Const PowerPoint begin end
  3. 3

    Жаңа сабақты түсіндіру

    Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде сөзжұмбақ шешіледі және кілт сөз арқылы тақырып ашылады.

    Сөзжұмбақ сұрақтары

    1. Негізгі программаның басы
    2. Шығару операторы
    3. Программа тақырыбы
    4. Бүтін санның типі
    5. Алгоритм орындалу барысында мәні өзгермейтін шама
    6. Символдық шама
    7. Енгізу операторы
    8. Бағдарламаның соңы

    Ортадағы ерекше торкөздегі сөзге назар аударамыз: Branched. Ағылшын тілінен аударғанда бұл сөз «тармақталған» деген мағынаны білдіреді. Демек, бүгінгі жаңа тақырып — тармақталған алгоритмдер.

  4. 4

    Практикалық жұмыс

    Электрондық оқулықпен жұмыс және тест тапсырмалары.

  5. 5

    Сабақты пысықтау

    Қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

  6. 6

    Үй тапсырмасы

    Оқулық бойынша тапсырмалар және шағын жаттығулар.

  7. 7

    Оқушыларды бағалау

    Белсенділік, жауап сапасы және практикалық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.

Тармақталған алгоритмдер: негізгі ұғымдар

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторлар қолданылады. Осыған дейін біз көбіне сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік, яғни есепте шарттар кездеспейтін.

Тармақталған алгоритм деген не?

Бұл — алгоритмде логикалық шарт (арифметикалық теңдік немесе теңсіздік түрінде) тексерілетін жағдай. Егер шарт орындалса, әрекет 1-тармақ бойынша, ал орындалмаса2-тармақ бойынша жүзеге асады. Соңында екі тармақ қайта бірігеді.

Блок-схема белгісі

Блок-схемада шартты тексеру блогы ретінде ромб қолданылады.

Шартты оператордың рөлі

Тармақталу операторы берілген шартқа тәуелді түрде белгілі операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Бұл — программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертудің ең кең тараған тәсілдерінің бірі.

Қызметші сөздер

if — егер then — онда else — әйтпесе

Толық шартты оператор (IF THEN ELSE)

Егер шарттың мәні ақиқат болса — THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән жалған болса — ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

IF <шарт> THEN
  <1-оператор>
ELSE
  <2-оператор>;

Қысқа шартты оператор (IF THEN)

Бұл нұсқада шарт ақиқат болғанда ғана оператор орындалады; шарт жалған болса, келесі қадамға өтеді.

IF <шарт> THEN
  <оператор>;

Шарт өрнегін жазу

Шарт өрнегін жазу үшін салыстыру белгілері пайдаланылады (мысалы, теңдік және теңсіздік таңбалары).