Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан ҚошқарбаевМақсаты
Тақырып
Рейхстагқа ту тіккен — Рахымжан Қошқарбаев
Бұл мәтіннің мақсаты — оқушыларға соғыс, жеңіс және бейбітшілік туралы түсінік беріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар туралы, соның ішінде ауылымыздан майданға аттанған азаматтар мен Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Сонымен бірге оқушыларды отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысы
Әнұран орындалады.
Сұрақ-талқылау
Мұғалім: «Балалар, соғыс деген суық әрі қатігез ұғымды біз қалай түсінеміз? Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе?»
Тарихи деректер
Соғыстың басталуы
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады.
Қазақстаннан майданға аттанғандар
Қазақстаннан 1 196 164 адам майданға аттанды.
Құрамалар
- 12 атқыштар дивизиясы
- 4 ұлттық атты әскери дивизия
- 7 атқыштар бригадасы
- 50-ге жуық полк пен батальон
Құрбандар саны
Бұл сұрапыл соғыста қаза болғандардың саны шамамен 56 миллион адам. Оның ішінде 20 миллионнан астамы — біздің отандастарымыз.
Соғыстың салдары
Соғыс тек қасірет әкеледі: аналар ұлдарынан, балалар әкелерінен, жарларынан айырылды. Көптеген азаматтарымыз хабар-ошарсыз кетті.
Ауылымыздан да майданға қатысқан көптеген ардақты аталарымыз болған. (Слайд көрсетіледі.)
Соғыс туралы тақпақтар
Аружан
Қара түнек серпілді, серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.
Аңсаған атты алтын таң —
Майданға, майданға!
Ислам
Отаным, еркелеймін өзге кімге?
Өзіңмен нені болса көргем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде?
Димаш
Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін.
Түр білек, түс еңбектің туы астына —
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін!
Еркеназ
Соғыстың құны — өртенген орман,
Соғыстың құны — уланған орман.
Соғыстың құны — тесілген жүрек,
Соғыс күні — кесілген білек.
Нұрасыл
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Ерлік пен тағзым
Бұл соғыста қазақстандықтарға шамамен 470-ке жуық Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соның 96-сы — қазақ батыр ағаларымыз бен апайларымыз.
Бұл сұрапыл кезеңде ерлермен бірге әйелдер де майдан даласында болды: олар ұшақпен көкке самғады, танк жүргізді, пулемет арқалады, ұрыс даласында мергендігімен танылды.
Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен ерлігі — жеңіске деген сенімнің, табандылықтың және Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі.