Қай бидің сөзі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін тексеру, олқылықтарын толықтыру, еркін сөйлеу және терең ойлау қабілетін дамыту. Сайыс барысында сабыр сақтауға үйретіп, ірі зияткерлік жарыстарға дайындау.
Көрнекілігі
- Шарлар
- Плакаттар
- Ұлағатты сөздер
Құрылымы
Ойын 5 бөлімнен тұрады: Бәйге, Полиглот, Жеті жұмбақ, Көкпар, Жорға.
Ұйымдастыру бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет екенін Шоқан Уәлиханов атап өтсе, Қаныш Сәтбаев: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі», — деп өсиет қалдырған. Демек, еліміздің болашағы — білімді жастар.
Осы мақсатпен сыныбымызда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс бөлімдері
-
I бөлім
Бәйге
-
II бөлім
Полиглот
-
III бөлім
Жеті жұмбақ
-
IV бөлім
Көкпар
-
V бөлім
Жорға
Әр бөлімнің шарттарымен ойын барысында таныстырып отырамыз.
I бөлім — Бәйге
Қатысушылар қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді. Барлығы 16 сұрақ. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
-
1) Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады?Күн көзінен.
-
2) «Қара көк» — сын есімнің қай түрі?Дара.
-
3) Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені табамыз?Ауданын.
-
4) 10-ның кубы нешеге тең?1000.
-
5) Дені сау адамның тамыры минутына қанша соғады?60–80 рет.
-
6) «Жалауы жоқ септік» қайсы?Атау септік.
-
7) «Әлсін-әлсін» — қандай қос сөз?Қайталама қос сөз.
-
8) 3 845 санында неше бірлік мың бар?3.
-
9) «Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар?4 буын.
-
10) -да, -де, -та, -те — қай септіктің жалғаулары?Жатыс септік.
-
11) Ауа қоспасында ең көп таралған газ?Азот.
-
12) 109 699 санынан кейінгі санды тап.109 700.
-
13) «Жетім» әңгімесінің авторы кім?М. Әуезов.
-
14) Сөз мағынасын өзгертетін қосымша?Жұрнақ.
-
15) «Әдемі» сөзінің мағынасы?Сұлу.
-
16) Абайдың анасы?Ұлжан.
II бөлім — Полиглот
Бұл бөлімде жұмбақтардың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту қажет. Қазақша жауапқа — 5 ұпай, орысша жауапқа — 5 ұпай. Толық жауап — 10 ұпай.
2-кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы келесі (3) кезеңге өтпейді.
-
1) Аузы бейне шалғы орақ, шөп емес, бірақ мал орады.Қасқыр — волк.
-
2) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.Су — вода.
-
3) Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ.Тұз — соль.
-
4) Мұртымен туады, мұртын күнде жуады.Мысық — кошка.
-
5) Алыстан қарасаң, аппақ, татып көрсең, тәтті-ақ.Қант — сахар.
-
6) Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.Жұмыртқа — яйца.
-
7) Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал.Алма — яблоко.
III бөлім — Жеті жұмбақ
Бұл кезеңде ұпай жазылған ұяшықтар ұсынылады. Әр ұяшықта 4 пән бойынша сұрақтар жасырылған. Таңдаған сұраққа дұрыс жауап берсеңіз, көрсетілген ұпай сізге беріледі.
Жеңіл сұрақтар — 10 ұпай, күрделірек — 20 ұпай, ең күрделі — 30 ұпай. Сұрақты ұпайы аз оқушы таңдайды.
Ана тілі
-
10 ұпайБілім туралы мақал айт.
-
20 ұпай«Балама хат» өлеңі кім туралы?
-
30 ұпай«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан елді асырмаған елміз…»Қай бидің сөзі?Қазыбек би.
Қазақ тілі
-
10 ұпай«Қарындаш» сөзін тәуелде.
-
20 ұпайБірыңғай мүше дегеніміз не? Мысал келтір.
-
30 ұпай«Алма бағында қызыл алмалар пісті.» (Сөйлем мүшесіне талда.)
Математика
-
10 ұпай6-разрядтың 7 бірлігінен, 5-разрядтың 4 бірлігінен, 2-разрядтың 1 бірлігінен тұратын санды тап.740 010.
-
20 ұпайТік төртбұрыштың ұзындығы 10 м, ені одан 2 м кем. Ауданы неге тең?80.
-
30 ұпайБірдей 4 жәшікте 80 кг жүзім бар. 100 кг жүзім салу үшін осындай неше жәшік керек?5 жәшік.
Дүниетану
-
10 ұпайЖер бетінде неше мұхит бар?4.
-
20 ұпайЖердің өсімдік өсетін беткі, құнарлы қабаты қалай аталады?Топырақ.
-
30 ұпайПайдалы қазба дегеніміз не?
Бұл бөлім қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
IV бөлім — Көкпар
Бұл кезеңде математикалық есептер беріледі. Әр тапсырманы 1 минутта орындау керек. Тапсырманы ұпайы аз оқушы таңдайды.
-
1) 3-тің кубын тап.27.
-
2) Екінші кластың 325 бірлігінен және бірінші кластың 40 бірлігінен құралған санды тап.325 040.
-
3) Қораптың ұзындығы 9 см, ені 5 см, биіктігі 1 см. Көлемін тап.45 см³.
-
4) Квадраттың периметрі 20 см. Бір қабырғасының ұзындығын есепте.5 см.
Бұл бөлім қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
V бөлім — Жорға
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жедел жауап беру қажет. Іске сәт!
-
1) 64 саны ненің квадраты?8.
-
2) «Білімді» сөзінің түбірі?Біл.
-
3) Тауық бір аяғымен тұрғанда 14 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?Өзгермейді (14 кг).
-
4) Заттың санын білдіретін сөз табы?Сан есім.
-
5) Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі?Түбір.
-
6) Жер шарында неше материк бар?6.
-
7) 1 тоннада неше килограмм бар?1000 кг.
-
8) Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесі?Географиялық карта.
-
9) Көмектес септігінің жалғаулары?-мен, -бен, -пен.
-
10) Бас әріппен жазылатын сөздер?Жалқы есімдер.
Көшбасшыға сұрақтар
- Мектепте қай пәннен тапсырғанды қалайсың?
- Сол пәнді не үшін ұнатасың?
- Математика пәнінің өмірдегі пайдасы қандай?
Қорытынды
Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанады. I, II, III орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары табысталады.