Туынды етістіктерді тап
I. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
II. Үй тапсырмасы
A) 27-жаттығу
- Жалғасын тап.
- Туынды етістіктерді тап.
Ә) Етістік түрлері: негізгі және туынды
Негізгі етістік — түбір сөзден жасалған етістік.
Туынды етістік — түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Б) Суретпен жұмыс
- Суреттегі заттарды ата.
- Олар қай сөз табына жатады?
- Етістікке айналдыр. Қандай етістік жасадың?
III. Негізгі бөлім
1) Кіріспе
- Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жаз.
- Тақтадағы тапсырмаға назар аудар.
- Берілген сөздерді топтастыр, мағынасын түсіндір, айырмашылығын айт.
ActivStudio тапсырмасы
Жұптық жұмысЖҮЗ — ЖҮЗБЕ
КҮЛ — КҮЛМЕ
ТӨК — ТӨКПЕ
ЖАЗ — ЖАЗБА
БАР — БАРМА
ТАҚ — ТАҚПА
- Қосымшалы етістіктерді талда.
- Көшіріп жаз.
Ереже
Есіңе сақта!
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады: ерінбе, бұзба, жұлма.
2) Оқулықпен жұмыс
29-жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Болымсыз етістіктерді тап, олардың қалай жасалғанын түсіндір.
30-жаттығу
- Берілген етістіктерден болымсыз етістік жаса: ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес.
- Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ қолдандың?
3) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды жаңғырту, тынысты реттеу.
4) Өздік жұмыс және бекіту
31-жаттығу (мақал-мәтел)
Мақалдарды құрап, жатқа жаз:
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
Киіміңе мақтанба, біліміңе мақтан.
- Болымсыз етістіктердің астын сыз.
- Мақалдардың мәнін түсіндір.
32-жаттығу (тыйым сөздер)
- Тыйым сөздерді оқы.
- Етістіктерді тап та, олардың болымды не болымсыз екенін анықта.
33-жаттығу (қайталау және түрлендіру)
- Қазақ тілінде тәуелдеудің қандай түрі бар? Неше жағы болады?
- «Асықпа» болымсыз етістігін үлгі бойынша түрлендіріп жаз.
| Өткен шақ | Осы/келер шақ |
|---|---|
| Мен асықпадым | Мен асықпаймын |
| Сен асықпадың | Сен асықпайсың |
| Сіз асықпадыңыз | Сіз асықпайсыз |
| Ол асықпады | Ол асықпайды |
Осы үлгі бойынша «жонба», «тиме» болымсыз етістіктерін де түрлендіріп айт.
IV. Қорытынды
A) Әр дыбыстан сөз тудыру
Мысалы, «Әсет қандай оқушы?» сұрағына әріптер арқылы сипаттама құрастыр:
Ә —
әзілқой, әдепті, әділ
С —
сезімтал, сымбатты, сыйлы
Е —
еңбекқор, епті
Т —
төзімді, тәрбиелі, тиянақты
«Оқушы не істеді?» сұрағына жауап болатын етістіктерді де әріптер арқылы тіз:
О —
ойланды, оқыды, отырды
Қ —
қуанды, қозғалды
У —
уайымдады
Ш —
шынықты, шимайлады
Ы —
ынталанды, ысқырды, ынта қойды
Ә) Негізгі сұрақтар
- Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
- Берілген сөздерді топтастыр (футбол ойыны үлгісімен: қажетті сөздерді «қағып алу»).
V. Үйге тапсырма
34-жаттығу: ребустың шешуіндегі сөз болымсыз етістік бола ала ма? Дәлелде.
VI. Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және ережені қолдану дәлдігі бойынша бағалау жүргізіледі.