Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар
Сабақ тақырыбы
Қазақ тілі (8-сынып) — Төл сөздің тыныс белгілері
- Мақсаты
- Төл сөздің өзіндік ерекшелігін және жасалу жолдарын меңгерту; өзіне тән тыныс белгілерін түсіндіру; төл сөздің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сызбасын көрсете алу. Өткен грамматикалық тақырыптармен байланыстыра отырып жұмыс жүргізу, алған білімді жетілдіру, төл сөздің сөйлем ішіндегі орналасу тәртібін терең түсіну және білімін тәжірибеде қолдана білу.
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді игеру.
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірмелі, топтастыру, сұрақ-жауап, деңгейлеп-саралап оқыту.
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа даярлау.
Үй жұмысын тексеру
Көркем шығармадан төл сөзі бар 5 сөйлем тауып, оларды төлеу сөзге айналдыру.
2) Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)
Келесі тақырыпқа көшпес бұрын, өткен тақырып бойынша алған білімімізді еске түсірейік.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Төл сөзі бар сөйлемдерді қайдан кездестіреміз?
- Төл сөздің қызметі қандай?
- Сөйлеушінің ойы тікелей берілгенін неден білеміз?
- Төл сөзбен байланысты берілетін сөйлеушінің өз сөзін қалай атаймыз?
- Төлеу сөздің өзіндік ерекшелігін түсіндіріңдер.
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу
Сабақтың мақсаты түсіндіріледі, тақырып бойынша негізгі ережелер мен төл сөздің тыныс белгілері жүйелі түрде талданады.
Төл сөз болатын сөздер
- Біреудің айтқан сөзі
- Іштей айтылған ой
- Мақал-мәтелдер
- Қанатты сөздер
- Даналық сөздер
- Шығармадан алынған үзінділер
Ескерту: Диалог түріндегі сөзден басқа жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады.
Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері (сызбалар)
Төл сөз бен автор сөзі әртүрлі орын тәртібімен келуі мүмкін. Төмендегі мысалдарда тыныс белгілерінің қойылуы мен құрылым үлгісі беріледі.
1-мысал
Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ, — дейді жыр.
________, — __.
2-мысал
— Көктемде неге желікті? — деп сұрадым мен.
— _____? — __ _____ __.
3-мысал
Аздан соң тағы да өзі сөйлейді: — Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз.
_____ : — ________.
4-мысал
Ұйықтап жатыр едік: «Сұратай, оян!» — деген дауыс құлағыма сап ете түскенде, басымды көтере түрегелсем, жер қозғалғандай үйім дірілдеп барады.
_____ : «_____!» — _____, _____.
5-мысал
— Таза болса, тәуір болса болады, — деді ол баласына, — кие бер, күнім!
— _____, — __ __ ____, — _____, _____!
Сабақты бекіту
Үлестірмелі парақшалар арқылы деңгейлік тапсырмалар орындалады.
1-деңгей
-
Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар:
«Білмеске сөзің қор боп кетер», — деген М. Дулатұлы.
Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын», — деді.
- Төлеу сөзге айналдырған сөйлемдеріңді сөйлем мүшесіне қарай талдап, сипаттама беріңдер.
2-деңгей
-
Берілген сөйлемдегі төл сөзді сөйлемнің ортасына және соңына қойып құрастырып жазыңдар. Сызбасын көрсетіңдер:
— Серкенің желін шығарып әкелсін, — деді күйеуі қоқиланып.
-
Берілген сөйлемге сипаттама беріп, сөздердің байланысу түрін жазыңдар. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар:
Марат ертең өзінің қалаға баратынын айтты.
3-деңгей
-
Төл сөзді бір бағанға, төлеу сөзді екінші бағанға бөліп жазыңдар:
Ол менен қайда баратынымды сұрады.
Інім бинокльді бір рет қарап көршіге беруімді өтінді.
Келді де: «Абай шырағым, сені әкең шақырады», — деді.
«Шырағым», — деді кемпір, — «сен далаға шығып келші».
«Бұл не деген жұмбақ?» — деді екеуі.
Оспан деген әдепті бала.
«Енді не істемекшісің?» — деді ана.
Ол ештеңе дей алмады.
Ол менен: «Сен қайда барасың?» — деп сұрады.
-
Берілген төл сөздердің сызбасын жазыңдар.
Тақырып: Төл сөздің тыныс белгілері
Қосымша: «Төл сөздің тыныс белгілері» материалы (жүктеу).