Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар

Сабақтың тақырыбы

7 саны және цифры

Сабақтың мақсаты

Білімдік мақсат

  • 7 саны және цифрымен таныстыру.
  • 7 санының шығу тарихын түсіндіру, оның киелі сан екенін ұғындыру.
  • Саналы түсіну дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық мақсат

  • Алған білімді саралауға үйрету.
  • Санды санға қосуды және саннан санды азайтуды меңгерту.
  • Белгісіз санды табуға төселдіру.
  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту.
  • Танымдық қабілет пен логикалық ой-өрісті жетілдіру.

Тәрбиелік мақсат

  • Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

  • Парақшалар
  • Интерактивті тақта
  • Суреттер және қосымша көрнекіліктер

Сабақтың түрі мен әдісі

Сабақтың түрі

Дәстүрлі, кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, ертегі желісімен оқыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Назар аударту

Бүгін, балалар, бізде ерекше сабақ болады. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Бір сабақта бірнеше пән бойынша білімдерімізді қайталап, ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

Сабағымыздың мақсаты — өткен тақырып бойынша білімдерді жүйелеу және тиянақтау. Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Сәттілік тілеймін!

2) Психологиялық дайындық (диалог)

Мұғалім:

Екі көз не үшін керек?

Балалар:

Жақсылықты көру үшін.

Мұғалім:

Екі құлақ не үшін керек?

Балалар:

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім:

Екі қол не үшін керек?

Балалар:

Елге көмек беру үшін.

Мұғалім:

Екі аяқ не үшін керек?

Балалар:

Жат жерде жүрсең, туған жерге жету үшін.

II. Жаңа сабақ

Теориялық бөлім

Мысал

6 + 1 = 7

Өлшем

7 см

Салыстыру

6 см

7 санының баспа және жазба түрімен танысамыз.

Ертегі желісі: «Жеті лақ»

«Жеті лақ» ертегісіне саяхат жасаймыз. Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?

Ерте кезде бір ешкі жеті лағымен орманда өмір сүріпті. Бір күні ешкі лақтарына азық әкелу үшін орманға бара жатып: «Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен келгенде есікті қағып: “Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!” — деп ән саламын», — дейді.

Сол кезде үй маңында қасқыр жемтік іздеп жүрген екен. Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың жалғыз қалған сәтін аңдыпты. Қасқыр үйге келіп, қарлығыңқы даусымен: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!» — дейді.

Лақтар: «Естідік, тыңдадық! Бұл — анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауыспен әндетеді. Кет, қасқыр, біз саған есік ашпаймыз!» — деп жауап береді.

Қасқыр ісмер адамға барып, даусын жіңішкертуін сұрайды. Ісмер таңырқаса да, қасқырдың дауысын жіңішкертіп береді. Қасқыр қайта келіп, нәзік дауыспен әндетеді. Лақтар есікті ашып қояды.

Қасқыр үйге кіріп, лақтарды бірінен соң бірін жұтып қояды. Тек бір лақ қана тығылып үлгереді. Қасқыр жетінші лақты таба алмай, зыта жөнеледі.

Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық. Тығылған лағын пеш ішінен тауып алады. Қайғыдан көз жасы көл болып: «Лақтарым, шұнақтарым…» — деп жылайды. Сол сәтте бір қағаз тауып алады: «Оқушылардан көмек сұра. Ашық хаттағы тапсырмаларды дұрыс орындасаң, лақтарыңды қайтарамын. Әр тапсырмаға — бір лақтан», — деп жазылыпты.

Сұрақ:

Балалар, ешкіге көмектесеміз бе?

Иә, көмектесеміз!

Ендеше қасқырдың тапсырмаларын мұқият орындайық. Ол біздің есіктен сығалап қарап тұр.

Тапсырмалар

1-тапсырма

Сурет бойынша мысал құрастыр:

Толықтыр

… + … = 7

Толықтыр

7 − … = …

2-тапсырма (дәптерге)

Қосылғыштарды пайдаланып, қосындыны тап:

2 + 2 = 4

3 + 1 = 4

5 + 0 = 5

4 + 1 = 5

Сергіту сәті: «Қай жол ұзын?»

Сұрақ:

Қай жол ұзын? Қай жол қысқа?

Жауап:

  • Бақаның жолы — ұзын.
  • Ұлудың жолы — қысқа.

Қосымша сұрақ:

Бақанікі неше см артық? Ұлудікі неше см қысқа?

Жауап:

  • Бақаның жолы 2 см артық.
  • Ұлудың жолы 2 см қысқа.

Ойын: «Менің орным қайда?»

Алма бағы жайнаған. Математикалық жұмбақты шеш:

Жұмбақ:

Қызыл алма айналып,
Алдым үзіп 5-еуін.
Тағы да алдым 2-еуін.
Алдым сонда нешеуін?

Жауабы: 7

Жұмбақ:

Жаңа ғана шалғында 7 бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма — жатып қапты біреуі.
Енді нешеуі жайылып жүргенін айт?

7 − 1 = 6

Логикалық тапсырма

Төрт бұрышта қоян отыр. Бір қоянға неше қоян қарап отыр? Бөлмеде барлығы неше қоян болды?

№3 есеп

Көбейтуге арналған тапсырмалар:

6 × 7 = …

5 × 7 = …

6 см × 7 см = …

6 × 5 = …

7 × 4 = …

7 см × 7 см = …

Сергіту сәті

Музыкалық жаттығу.

Білімді бекіту: сәйкестік тест

Өрнектер мен жауаптарды сәйкестендір:

Өрнектер

  • 3 + 2
  • 7 − 1
  • 4 + 3
  • 7 − 5
  • 6 − 3
  • 6 − 2

Жауаптар

6 5 7 2 4 3

Үй тапсырмасы

№5 есеп.

«Ғажайып жеті» санына саяхат

7 саны қазақ дүниетанымында ерекше орын алады. Төмендегі мысалдар арқылы киелі сан ұғымын бекітеміз.

7 ғалам

Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты.

7 күн

Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.

7 ата

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.

7 қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл-білім, жүйрік ат, жүйрік тазы.

7 жоқ

  • Жерде өлшеуіш жоқ.
  • Аспанда тіреуіш жоқ.
  • Аллада бауыр жоқ.
  • Жылқыда өт жоқ.
  • Таста тамыр жоқ.
  • Аққуда сүт жоқ.
  • Тасбақада талақ жоқ.

7 жұт

Құрғақшылық, жұт, оба, өрт, соғыс, топан су, зілзала.

Қорытынды

Сабақты Саққұлақ бидің нақыл сөзімен қорытындылаймыз:

Адамның басшысы

Ақыл

Жетекшісі

Талап

Жолаушысы

Ой

Жолдасы

Кәсіп

Қорғаны

Сабыр

Қорғаушысы

Мінез

Сынаушысы

Халық

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және дәлелдеп жауап беруіне қарай бағаланады.