Тағам құрамындағы дәруменді тап
Сабақтың тақырыбы
«Дәрумендер тұрағы. Түрлі тағам құрамы»
Сабақтың мақсаты
- Салауатты өмір салтын сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызын және қажеттілігін түсіндіру.
- Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасын үйрету.
- Тазалыққа, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Көрнекілігі
- Көкөністер мен жемістердің муляждары
- Суреттер мен иллюстрациялар
Кіріспе
Салауатты өмір салтын сақтау үшін дұрыс тамақтанудың орны ерекше. Адам өміріндегі дұрыс тамақтанудың негізгі компоненттерінің бірі — дәрумендер. «Ас — адамның арқауы» дегендей, бұл сабақта дәрумендер және олардың адам денсаулығы үшін маңызы туралы әңгімелейміз.
Сабақ сайыс түрінде өтеді: сынып 4 топқа бөлінеді, ал топтардың жұмысын әділ қазылар бағалайды.
Сабақтың барысы (сайыс кезеңдері)
1-бөлім. Таныстыру
3 ұпай2 минут ішінде әр топ өз атауын ойлап тауып, оны қысқаша таныстырып қорғайды.
2-бөлім. Викторина
5 ұпай1) Дәруменді тап
Көздің көруін жақсартады, бойдың өсуіне пайдалы, ағзаның ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді, теріні жұмсартып жақсартады. Бұл қай дәрумен?
Жауабы: A дәрумені
2) Дәруменді тап
Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді, энергия алмасуын реттеуге көмектеседі, қантамырларды жақсартады, жараның тез жазылуына, тіс пен сүйектің мықты болуына ықпал етеді. Бұл қай дәрумен?
Жауабы: C дәрумені
3) Дәруменді тап
Майда тез ериді. Ішек пен асқазанда минералдардың (тұздардың) өңделуін реттеуге қатысады. Ағзаның өсуі мен дамуына, әсіресе балалардың сүйектері мен тістерінің берік болып қалыптасуына қажет. Бұл қай дәрумен?
Жауабы: D дәрумені
4) Дәруменді тап
Жүрек-қантамыр ауруларына және кейбір ісік түрлеріне қарсы қорғанысқа ықпал етеді, астың жақсы сіңірілуіне көмектеседі, ағзаның бейімделу қабілетін күшейтеді, қартаю үдерісін баяулатуға септігін тигізеді. Бұл қай дәрумен?
Жауабы: E дәрумені
3-бөлім. Тағам құрамындағы дәруменді тап
-
1)
Апельсин, қызыл бұрыш, қызанақ, орамжапырақ, жасыл пиязда қай дәрумен кездеседі?
Жауабы: C дәрумені
-
2)
Нан, салат, сәбіз, картоп, ашытқыда қай дәрумен көп?
Жауабы: B дәрумені
-
3)
Жұмыртқаның сары уызы, күнбағыс майы, сиыр бауыры, жержаңғақта (арахисте) көп кездесетін дәрумен?
Жауабы: E дәрумені
-
4)
Сәбіз, сары май, сүт, жұмыртқа, балық майы, бұршақта қай дәрумен мол?
Жауабы: A дәрумені
4-бөлім. Дұрысын таңда
1) Қандай тағамда барлық дәрумен кездеседі?
- A) Нанда
- Ә) Бауырда
- Б) Орамжапырақта
- В) Сүтте
2) Адам ағзасында күн сәулесінің әсерінен түзілетін дәрумен?
- A) A
- Ә) E
- Б) D
- В) B
Дұрыс жауабы: D дәрумені
3) Қай дәрумен суда тез ериді?
- A) B
- Ә) D
- Б) A
- В) K
Дұрыс жауабы: B дәрумені
4) C дәрумені сақталуы үшін картопты қалай пісірген дұрыс?
- A) Қайнату
- Ә) Қуыру
- Б) Қабығымен отқа пісіру
Дұрыс жауабы: қайнату
5-бөлім. Дәруменді салат жасау
Топтар көкөністер мен жемістерді пайдаланып, пайдалы әрі дәруменге бай салат дайындайды.
6-бөлім. Шығармашылық тапсырма
Әр оқушы өзіне ұнайтын тағамның суретін салады.
7-бөлім. Көшбасшылар сайысы
Көзді байлап, жемістің иісіне қарай оның атауын табу.
Қорытынды
- Топтардың ұпайлары қорытындыланып, нәтижелер анықталады.
- Жемістер туралы тақпақтар айтылады.
- Күнделікті ас құрамында ағзаға пайдалы көкөністер мен жемістер, дәруменге бай тағамдар жеткілікті болғаны дұрыс.